Орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Жамбыл облысы Меркі ауданында Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле ережелерін жетілдіру» тақырыбында орфографиялық жұмыс тобының мүшелері бас қосты. Екі күндік отырысқа орфографиялық жұмыс тобының мүшелері мен сарапшы ғалымдар қатысты.

Ағымдағы жылғы 18 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетінде «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасы жарияланғаннан кейін, «Тіл-Қазына» орталығына республиканың ғалымдары мен зиялы қауым өкілдерінен, тіл мамандарынанкөптеген ұсыныстар келіп түсті.

Осы ретте орфографиялық жұмыс тобы отырысының мақсаты жаңа емле ережелеріне қатысты ұсыныс-пікірлерді талқылау, сараптау, жетілдіру, соның негізінде емле ережелерін түзету және толықтыру мәселелерін қарастыру болды.

Отырыс барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Айманкүл Алдаш, филология ғылымдарының кандидаттары Қарлығаш Сәрекенова, Айнұр СейітбековаА. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Орфографиялық жұмыс тобы сарапшыларының ұсыныс-пікірлері негізінде түзетілген емле жобасы және мақұлданған емле ережелері бойынша атқарылған әдістемелік жұмыстар туралы баяндады.