Ақпараттық насихат жұмыстары қорытындыланды

Ақпараттық насихат жұмыстары қорытындыланды

​Жамбыл облысында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің маңызы мен жаңа емле-ережелерінің мазмұнын түсіндіру апталығы аяқталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп ағымдағы жылдың 24-28 араығында республикалық апталық ұйымдастырды. Ақпараттық насихат жұмыстары Тараз қаласында және Аса, Сарыкемер кенттерінде жүргізілді.

28 маусымда апталықтың жабылу салтанаты өтті. Қорытынды шараға жазушы С.Елубай, қоғам қайраткері О.Асанғазықызы, Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Басқарма басшысы Г.Мұқан, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры,ф.ғ.к. Е.Тілешов, облыс әкімінің орынбасары С.Құрманбекова қатысты.


Апталық аясында мемлекеттік тілдің дамуына, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттап, мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына атсалысып жүрген азаматтар марапатталды. Сонымен қатар, "Үздік маңдайша" номинациясы бойынша Жамбыл облыстық соты, "Ең үздік латын кабинеті" номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жәнеТараз мемлекеттік педагогикалық университеті, «Ең үздік интернет бағдарламасы» номинациясы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы марапатталды. Ал «Ең үздік әдіскер» бағамын Бақытбек Шынар Бақытбекқызы иемденсе, «Ең үздік көрнекі ақпарат құралдары» номинациясын жеке кәсіпкер Әбдіғали Айтұрғанұлы Рыспанов (ЖК «Рыспанов А.А») жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың арнайы Алғысхатымен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Сәтбекқызы Құрманбекова, Жамбыл облысы әкімінің Тілдерді дамыту басқармасының маманы Медет Қайратұлы Әтен марапатталды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешовтың арнайы Алғысхатымен Жамбыл облысы әкімі Тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлхан Әлімбекова, Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрила Жұманова, Шығыс Қазақстан облысының лингвистикалық орталығының директоры Бақыт Шөкеева, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі Тұрсынай Әбдіқадырова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушысы Балмира Мырзабаеваға табысталды.