Қоғамдық дәрістер өтті

Қоғамдық дәрістер өтті

​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл облысы әкімдігімен республикалық апталық аясында "Қазақ тілінің дамуы - ұлттың дамуы" тақырыбында қоғамдық дәрістер өткізді.

Қоғамдық дәрістер Тараз қалалық ауруханасында, Қазақстан халқы Ассамблеясында, Облыстық білім басқармасында, Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде және Балалар үйінде ұйымдастырылды.

Балаларды спортқа бейімдеу орталығында Білім саласы қызметтеріне Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тіл-Қазына ұлттық ғылми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Ағабекова қоғамдық дәрісі өткізді. "Қазақ тілін латын графикасына көшіру маңыздылығы" тақырыбында еркін әңгіме өрбіді.

Ал "Қоғамдық келісім" КММ-де дәрісті ғалымдар Жандос Смағұлов, Бекжан Әбдуәлі және Нұрила Жұмановалар жүргізді.


Тараз қаласының жұртшылығына қазақ әліпбиінің маңызы мен жалпы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстардың барысы түсіндіріледі. Жалпы, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге арналған жұмыстардың бағыты, мемлекеттік бағдарламаның орындалуы туралы да сөз болады. Дәрістер барысында еліміздегі тіл саясаты және жаңа әліпбиге байланысты көптеген көкейдегі сұрақтарға жауап беріледі.