Емле ережелерін түсіндіру маңызды

Емле ережелерін түсіндіру маңызды

Бүгін Көкшетау қаласында латын негізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының тренерлеріне «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық шарасының аясында дәріс-семинар өтіп жатыр.

Түске дейін Ш. Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы бастығы Ғ. Шойкин, Ш. Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қызметкері Сұлтанбек Қабылов тыңдаушыларға жаңа емле ережесінің маңыздылығын терең түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкерлері, Гүлфар Мамырбек, Алмажан Қадыржан, Назым Жұмаханова облыстағы аудандық және қалалық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлеріне дәріс оқуда.

Екі күнге жоспарланған іс-шарада «Ауызша тіл мен жазба тіл ұғымдары», «Қазіргі айтылым нормалары мен жазудың арақатынасы», «Шеттілдік сөздердің орфографиялануы және орфоэпиясы» сынды тақырыптар кең түсіндірілуде. Қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіледі.