Білікті тренерлер Қарағандыда дайындалуда

Білікті тренерлер Қарағандыда дайындалуда

Мамырдың 2-3 күні Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын республикалық шара екі күнге созылған дәріс- семинар жұмысын аяқтады.

Шара барысында жиналғандар алдында «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов: «Қазақ жазуын латынграфикалы жаңа әліпбиге көшіру мақсатындағы тілтанымдық реформаның сәтті жүзеге асуы үйренушілердің жаңа әліпбимен жылдам жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру. Латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан жаңа әліпби мен емле ережелерін қалың жұртшылыққа меңгертуге арналған курс тренерлерін дайындауға, жаңа жазу дағдыларын өз бетінше игеру маңызды» - деп ойын түйіндеді.

Тыңдаушыларға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат берілді. Ересектерге латын әліпбиін үйрету кезінде мүмкіндіктерін дамытып, білімін толықтырады.

Семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері және БАҚ, баспа қызметкерлері қатысты. Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.