Алакөл ауданында Абай оқулары өтті

Алакөл ауданында Абай оқулары өтті

​Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру және талантты жастарды табу мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық конкурсы өткізілді.

2019 жылы атап өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне сәйкес: Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай аталған қаламгерлердің шығармаларынан және қазақ әдебиетіндегі көрнекті прозалық шығармаларынан, Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқудан 16 қатысушылар бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жайпақ ауылдық округінен Н.Дулуқан жеңіп алды. І орынды Қайнар ауылдық округінен М.Ибраимова, ІІ орынды Үшарал қаласынан М.Әділбек пен Екпінді ауылдық округінен М.Өміржанова қанжығаласа, ІІІ орынды Үшарал қаласынан А.Жақсыбекова, Қамысқала ауылдық округінен Ж.Сапарғалиева, Жыланды ауылдық округінен Б.Болатова мен Достық ауылдық округінен Д.Жеңістер иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.