Ғалымдар латын қарпіне көшудің келесі кезеңін талқылау үшін бас қосты

Ғалымдар латын қарпіне көшудің келесі кезеңін талқылау үшін бас қосты

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  «Достық үйінің» мәжіліс залында «Орфографиялық жұмыс тобының атқарған аралық жұмыстарын пысықтау мәселелері» тақырыбында          ҚР Үкіметі жанындағы ұлттық комиссиясы Орфографиялық жұмыс тобының отырысын өткізді.

Семинарда жұмыс тобы мүшелері мен сарапшылар тарапынан дайындалған өнімдердің құрылымдары талданып, Орфографиялық жұмыс тобының алғашқы тоқсандағы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Сонымен қатар емле ережесіне қатысты ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды.

Ғалымдар жаңа емле ережелері негізінде атқарылатын алдағы жұмыстарға өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын берді.

Семинарға Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топтың мүшелері мен сарапшы ғалымдар қатысты.