Ересектерді оқытатын тренерлер курсы басталды

Ересектерді оқытатын тренерлер курсы басталды

Бүгін Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін, Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын дәріс- семинар басталды.

Семинар қатысушыларына қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Ересектер латын әліпбиін үйрену кезінде мүмкіндіктерін дамытып, білімін толықтырады.

Ертең екі күндік семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға 12 сағаттық курстан өткендігін растайтын сертификаттар табыс етіледі.