​Ұлттық ұлан сардарлары жаңа емлені үйренуде

​Ұлттық ұлан сардарлары жаңа емлені үйренуде

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 1-2 сәуір күндері ҚР Ұлттық Ұланында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» республикалық дәріс-семинарын өткізді.

Дәріс-семинар форматындағы ісшараға республикамыздың «ҚР Ұлттық ұланы» филиалдарының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі 63 маманы келіп қатысты. Шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов кіріспе сөз сөйлеп, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директорының міндетін уақытша атқарушы, ф.ғ.к. Ербол Тілешов жаңа әліпбиді қабылдаудың негізгі алғышарттары жөніндегі дәрісімен бастады.

Семинар барысында Әдістеме басқармасының аға ғылыми қызметкерлері, ф.ғ.к. София Омарова, ф.ғ.к., доцент Салима Кенжемұратова, кіші ғылыми қызметкері Елімай Шынатай, ғылыми қызметкері Мәрияш Дәрмен жаңа әліпби мен оның емле ережелерін мамандарға таныстырып, сабақ өткізді.

Бүгін семинар қорытындысы шығарылып, қатысушыларға жаңа әліпби мен оның емле ережелерін меңгеріп, 12 сағаттық курстан өткендігі туралы сертификат тапсырылады.