Ойласып атқарар іс көп

Ойласып атқарар іс көп

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен «Орфографиялық жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа міндеттері» атты семинар өтті.

Семинарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Борашев, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы Ербол Тілешов, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Ғалымдар тіл мамандары Жантас Жақып, Әлімхан Жүнісбек, Құралай Күдеринова, Анар Фазылжанова орфографиялық жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа міндеттері туралы ойларын ортаға салды.

Семинарда емле ережелерін жалпы жұртшылыққа меңгертуге арналған оқу-әдістемелік кешендер нұсқаулығы, сондай-ақ жалпы көпшілікке арналған емле ережелерін түсіндіретін қызықты анықтағыштарды әзірлеудің бағыт-бағдарын баяндап, талқылады, пікірлері мен ұсыныстарын айтты.