Республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі - терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.

Өткізілетін орны: Тараз қаласы Төле би көшесі 89,«Баласағұн» орталық концерт залы

Өткізілетін уақыты:2018 жылғы 9 қараша, сағат - 18:00

Аталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан бір үміткерден қатысады.

Байқауда танымал жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер, танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.