Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау жалғасуда

Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен ұйымдастырылып жатқан «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы ақпараттық-насихаттау шарасы аясында 22 қазан күні №13 қалалық емханада, Гуманитарлық колледжде, Астана қаласының Дерматология және жыныс қатынасы ауруларының алдын-ала емдеу орталығында көпшілік талқылаулар өткізілді.

Қоғам қайраткері, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының көмекшісі Оразгүл Асанғазы рухани жаңғыру мәселесін мейлінше жан-жақты қамти келіп, көне дәуірлерден келе жатқан ұлттық бірегейлігімізді жаңа дәуірдің сұраныстарына орай жаңғырту үшін жаңа әліпбиге көшудің маңыздылығын ашып берді. Әсіресе, бәсекеге қабілеттілік контексінде жеке тұлғаны рухани-мәдени, интеллектуалдық тұрғыдан қалыптастыру барысындағы игі ықпалдарына кеңінен тоқталды.

Ал Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Хабиева жаңа әліпби негізінде әзірленген емле ережелерінің мазмұны мен құрылымын түсіндіріп, емледегі басты жаңалықтармен бөлісті. Жиналған жұртшылық көкейтесті сауалдарын ортаға салып, тұшымды жауаптарды асқан зейінмен қабылдады.


«Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасындағы насихаттау шарасына қатысты өзге де ақпараттарды мына сілтемелерден толығырақ оқисыздар http://tilalemi.kz/article/1723-.html , http://tilalemi.kz/article/1707-.html , http://tilalemi.kz/article/1712 , http://tilalemi.kz/article/1726-.html , http://tilalemi.kz/article/1732 , http://tilalemi.kz/article/1733 , http://tilalemi.kz/article/1734-.html