Емле ережесін талқылау - азаматтық және рухани ортақтық

Емле ережесін талқылау - азаматтық және рухани ортақтық

​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен ұйымдастырылып жатқан «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы ақпараттық-насихаттау шарасына 18 қазан күні мемлекеттік мекемелер мен кәсіподақтардың аудармашылары, қала мектептерінің бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Сондай-ақ Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени орталықтардың мүшелері бас қосып, ақпараттық-насихат тобына өз сауалдарын қойды.

Қазақ тілі әліпбиін кирилицадан латын графикасына көшіру туралы Елбасының Жарлығын жүзеге асыру барысындағы ауқымды ісшараға қазақстандықтар бей-жай қарамайтындықтарын көрсетіп отыр.

Емле ережелерінің негізгі қағидалары бойынша "Жаңа әліпби негізіндегіқазақ тілі емлесінің ережелері" жобасына тікелей қатысқан ғалымдармен кездесіп, олардың аузынан уәжді пікірлер есту жиналғандардың көкейінде жүрген сан сұрақты шешуге мүмкіндік бергені анық.

"Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау" тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасындағы насихаттау шарасына қатысты өзге де ақпараттарды мына сілтемелерден толығырақ оқисыздар http://tilalemi.kz/article/1723-.html , http://tilalemi.kz/article/1707-.html , http://tilalemi.kz/article/1712 , http://tilalemi.kz/article/1726-.html , http://tilalemi.kz/article/1732