Үздік эскиз идеясына республикалық конкурс жарияланды

Үздік эскиз идеясына республикалық конкурс жарияланды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары бойынша көрнекі ақпарат өнімдерінің (билборд, лайтбокс, баннерлер және т.б.) үздік эскизіне шығармашылық байқау жариялайды. Байқауға өтінімдер ағымдағы жылдың 19 қазаны мен 5 қараша аралығында қабылданады.

Анықтама телефондары: 8747 031 16 32 , 8 747 858 62 17


«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-

практикалық орталығы» КеАҚ-ның

2018 жылғы «___» «____________»

№ ______ бұйрығымен бекітілген

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша көрнекі ақпарат өнімдерінің (билборд, лайтбокс, баннерлер және т.б.) үздік эскиздеріне шығармашылық байқау жариялау туралы

ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ережеде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша көрнекі ақпарат өнімдерінің (билборд, лайтбокс, баннерлер және т.б.) үздік эскизіне шығармашылық байқау өткізу тәртібі белгіленді (әрі қарай – Байқау).

1.2. «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» (бұдан әрі - Орталық) ұйымдастырады.

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы Есіл ауданы Сығанақ көшесі, 25, 2-қабат.

Байланыс телефоны: 8(7172) 27-71-33.

Электронды пошта: tilalemi.kz@gmail.com.

II. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығын жүзеге асыру, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Премьер-Министрінің Өкімін орындау;

2.2. Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау және меңгеру деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, графиканы жылдам үйренуіне жағдай жасау, инновациялық жобалар арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту;

2.3. Халықтың латын әліпбиін ыңғайлы және сауатты игеруіне ықпал ету;

2.4. Жаңа қазақ әліпбиін насихаттау арқылы көпшілік қауым арасында оң пікір қалыптастыру.

III. Байқау өткізу тәртібі

3.1. Байқауға қатысушылардың жасына, қызмет ерекшеліктеріне шек қойылмайды.

3.2. Байқауға қатысуға өтінім осы Ереженің қосымшасына сәйкес жіберіледі.

3.3. Байқаудың материалдары CorelDraw форматында және .jpg/png форматында (басып шығару және қарау үшін) электрондық түрде жіберіледі. Эскизді «Байқау» тақырыбындағы ескертпемен tilalemi.kz@gmail.com электронды мекенжайына немесе Қазақстан Республикасы Астана қаласы Есіл ауданы Сығанақ көш. 25, 2-қабат, 010000 мекенжайы бойынша жіберу керек. Эскиз авторының толық аты, жасы, оқу орны немесе жұмыс орны, байланыс телефонының нөмірі және электрондық пошта мекенжайы көрсетілуі тиіс.

3.4. Байқауға қатыса отырып, қатысушы барлық ұсынылған материалдардың авторы екенін растайды.

3.5. Байқауға авторлардың жеке немесе ұжымдық еңбектері қабылданады.

3.6. Автор/авторлар ұжымы 10 (он) данадан аспайтын эскиздерін ұсына алады.

3.7. Әзірленетін эскиз латын әліпбиіне көшу барысын түсіндіруге, насихаттауға бағытталуы тиіс. Бір автордан ұсынылатын 10 эскиз жобасы және ішкі контенті бірін-бірі қайталамауы керек. Эскизде берілген мәтін мен дизайн үйлесуі қажет. Дизайн форматы – ақпараттық, жарнамалық, қоғамға түсінікті, бір қарағанда, қабылдауға оңай, оқуға жеңіл болғаны шарт. Эскизді әзірлеуге қосымша контент PDF нұсқада беріледі.

3.8. Байқаудың нәтижелері www.tilalemi.kz порталында жарияланады.

3.9. Эскиздер билборд, сити-борд, лайтбокс, брэндмауер, баннер, постер және т.б. жарнамалық құралдар үшін әзірленетіні ескерілуі қажет.

3.10. Байқауға жіберілген материалдар қайтарылмайды.

3.11. Байқау жеңімпаздарының жұмыстары заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес коммерциялық емес мақсатта сыртқы жарнамада пайдаланылады.

Сыртқы жарнамалық құралдарының түрлері:

Билборд үлкен көлемдегі сыртқы жарнамалық құрылым (әдетте, өлшемі 6*3 м.).

Сити-борд әдетте, бірнеше (5-ге дейін) жарнамалық плакаттары бар, арнайы тетік арқылы динамикалық түрде өзгеретін, шынының артында орналастырылатын жарнамалық құрылым (өлшемі – 3.7* 2.7 м.).

Лайтбокс (жарықпен қамтылған қорап)құрастырмалы, беткі қабаты тегіс, астында жарық шамдары бар сыртқы жарнамалық құрылым.

Брэндмауерғимарат қабырғасына бекітілген жарнамалық құрылым (ғимарат қабырғасының аумағына байланысты өлшемдер әртүрлі болуы мүмкін).

Призматрон үш қырлы айналмалы призмалардан тұратын механизм ("жалюзи" принципі бойынша жұмыс істейді).

Скроллер төменнен жоғары жылжитын, түнгі уақытта дисплейлері ішкі жарықпен жарықтандырылған жарнамалық бейнелермен постерлері бар сыртқы жарнамалық құрылым.

Баннерграфикалық бейненің шығарылған жарнамалық сипаты.

Постер жарнамалық мақсатта пайдаланылатын көркемдік рәсімделген плакат.

IV. Байқау өткізу уақыты

4.1. Байқауға қатысуға өтінімдер ағымдағы жылдың 19 қазанынан 20 қарашасына дейін қабылданады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін жүргізіледі.

V. Байқау комиссиясы

5.1. Байқаудың комиссиясы (ары қарай – байқау комиссиясы)
2 дизайнер 3 ғалымнан құралады. Дизайн, жарнама саласында жұмыс істеп жүрген компания өкілдері конкурстық комиссия мүшесі ретінде келісім бойынша қосыла алады.

5.2. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастыру, өткізу және нәтижесін анықтау жөніндегі мәселелерге жауап береді.

5.3. Байқау комиссиясының міндеті:

- Байқауды өткізу;

- Байқауға келіп түскен өтінімдерді талқылау;

- Байқау нәтижесі арқылы жүлдегерлерді анықтау.

5.4. Байқаудың комиссия басшысы төрағалық етуші болып табылады, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары басшылық етеді.

5.5. Байқау комиссиясының отырысы комиссия мүшелерінің жартысынан көбі болған жағдайда ғана заңды болып табылады. Байқау комиссиясының шешімі комиссия отырысында дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші дауыс болып есептеледі.

5.6. Байқау комиссия хатшысы:

- комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді;

- комиссия отырысының нәтижесі бойынша есеп жобасын дайындайды.

VI. Байқау жобаларын бағалау критерийі

6.1. Байқауға жіберілген материалдар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

- жұмыстың байқау тақырыбына сәйкестігі;

- жобаның жарнамалық нормаларға сәйкестігі;

- жарнамалық мәтіннің өзектілігі, қарапайымдылығы және түсініктілігі;

- идеяның түпнұсқалылығы және байқау жұмысының дұрыс орындалуы;

- байқау жобасының техникалық сапасы;

- үгіт-насихаттық әлеуеті.

VII. Байқаудың қорытындысын шығару

7.1. Жоба түспеген немесе 1 ғана жоба келіп түскен жағдайда комиссия шешімі бойынша байқау өткізілмеген болып табылады.

7.2. Келіп түскен жобалар бағалау критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда конкурс комиссиясы жұмысты қарастырмайды.

7.3. Комиссия отырысының нәтижесі бойынша 100 (жүз) үздік эскиз таңдап алынады.

7.4. Комиссия шешімі бойынша үздік деп танылған жұмысқа қаржылай сыйақы беріледі.



1 қосымша

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-

практикалық орталығы» КеАҚ

атқарушы директоры Е.Тілешовке

кімнен _________________________

__________________________

__________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы; тұрғылықты мекенжайы немесе заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

Өтінім


Жобаны сараптау кеңесінің қарастыруына жолдаймын.

Өтінімге қоса берілген құжаттар тізімі:

1.

2.

3.

4.

____________________

(жеке тұлғаның қолы немесе

заңды тұлғаның атауы) Мөр орны (болған жағдайда)


Өтінім беру күні « » __________20__жыл

1. Эскизді әзірлеуге арналған қосымша контент. (PDF-1)

2. Эскизді әзірлеуге арналған қосымша контент. (PDF-2)