​«Латынша жазамыз» акциясы жүруде

​«Латынша жазамыз» акциясы жүруде

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде елімізде 2025 жылға дейін латын графикасын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен «Латынша жазамыз» акциясы жарияланып, 2018 жылғы 12 қазанда облыстың кез-келген азаматына арналған латын әліпбиінде жазу сауаттылығын тексеру бойынша диктант ұйымдастырылды.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшірудің мәртебесін арттыру, қоғамның жаңа талабына сай сауатты болудың маңыздылығына назар аударту, латын әліпбиін енгізу туралы халықты ақпараттандыру деңгейін және жаңа әліпбиге бейімделуді арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға ниет білдірген облыстың кез-келген азаматы қатысып, латын әліпбиінде жазу сауаттылықтарын тексере алды.

Акция барысында алғы сөз алған облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Г.Кокина қоғамға, әсіресе, жастарға жаңа әліпби арқылы көптеген жетістіктерге қолжеткізетіндігімізді, ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры, цифрландыру заманы болғандықтан, интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатын болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ екендігін айтты.

Акцияның қорытындысы бойынша ең үздік танылған қатысушылар марапатталатын болады.