Қазақ тілі емле ережесінің қалыптасуы жайлы және жаңа әліпбиімізге қатысты мәселе

Қазақ тілі емле ережесінің қалыптасуы жайлы және жаңа әліпбиімізге қатысты мәселе

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Ғылыми кеңесінде мақұлданған, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұсынған «Қазақ емлесінің негізгі ережелері» атты жоба көпшіліктің талқысына ұсынылып отыр. Негізінен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты ЖОО-дағы «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Практикалық қазақ тілі», «Филология», «Лингвистика» мамандықтарын дайындайтын кафедра ұжымдарына арнайы 06.09.2018 жылы №08-12/150 хатпен бірге, «Қазақ емлесінің негізгі ережелері» мен Сараптама үлгісі электрондық нұсқада таратылды. Қазақ емлесінің негізгі ережелерінің мазмұны: Алғы сөз, 2018 жылы 19-ақпанда Елбасы бекіткен «Қазақ әліпбиі» және 9 тараудан, 126 параграфтан, 20 ескертуден тұрады. Астана қаласында үстіміздегі жылдың қазан айының 21 күні 44 ЖОО-нан түскен ұсыныс-пікірлердің сараптамасын, жалпы Қазақ тілінің емле-ережелеріне қатысты өзгеріс енгізудегі мән-жайынШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (Қ.Күдеринова) Ұлттық комиссия жанынан құрылған «Орфографиялық» топ мүшелеріне түсіндіріп, талқылауға ұсынған болатын. «Орфографиялық» топ мүшелері әрбір параграфты талқылып, әрбір топ мүшелерінің пікір-негіздері ескеріліп 27-қазан күніҚазақ тілі емлесінің негізгі ережелері Ұлттық комиссияда тыңдалып, мақұлданған болатын. Осыған дейін Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін қалыптастыруда қаншама үлкен де ауқымды іс-шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде емле-ережеміз жалпы кәдеге жарайтындай қалыптасып келеді. Алайда әлі де болса, ауқымды көлемде талқыға түсіп, қарастыратын тұстары бар тәрізді. Мысалы:

І-тарауда ұсынылған Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер қатарына И,У дыбыстарын қосып, мысалдарын беру қажет. Себебі, ұсынылған жобаның 7-параграфында (И,У әріптерінің емлесі) олар «дара дауысты дыбыс» ретінде берілген. Мысалы: институт, кино, идея, Иран, футбол, университет, ресурс т.б. Сол сияқты төл сөздерімізде де дауысты дыбыс ретіндеемес пе: ит, ителгі, игі, ту, су, бу, жу т.б.

8-параграфта берілген ереже мен ескертуі дұрыс емес, себебі қарама-қайшы ереже мен Ескертудің мысалдарында орын алған. Меніңше 8-параграфқа мынадай негіз ұсынған дұрыс тәрізді: Осыған дейін И-мен жазылып келген «қиын, жиын, тиын, тиін, ми, ки, би, ти, и, жи, ши т.б.» төл сөздер жаңа емле-ережеде «қыйын, жыйын, тыйын, тійін, мый, кій, бій, тій, ій, жій, шій, сый, тый т.б.» деп жазуылуы керек. Себебі, «сироп, символ, синтез, синоним, синолог, синоптик, митинг, минерал, министр, минус, мирас, мизам, тир, титан, тиран, иран, икон, т.б.» осы тәріздес сөздердегі И мен қазір жазып жүрген «қиын, жиын, тиын, тиін, ми, ки, би, ти, и, жи, ши т.б.» сөздердегі И тілдің қай заңдылығынан алып қарасаң да бірдей емес, сәйкес емес, тепе-тең дәрежеде емес.

9-параграфтың Ескертуін алып тастаған дұрыс немесе мынадай негіз ұсынамыз: Йy,йі әріп тіркестеріне аяқталған етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда, екі ı әрпі қатар жазылмай, 8-параграфта ұсынылған негіз бойынша жазылғаны дұрыс сияқты: baıуıdy, keıіıdi, moıуıdy.

22-параграф ережесі былай берілсе дұрыс болатын тәрізді: Екінші сыңары асы, ағасы, анасы, басы тұлғаларымен жасалған біріккен сөздерге септік жалғауының тәуелдеу формасы жалғанады: Elbasy (-na, -n, -nda), qonaqasy (-na, -n, -nda), otaǵsy (-na, -n, -nda), otanasy (-na, -n, -nda), otbasy (-na, -n, -nda).

60-параграфта «рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды» деген ережеге қатысты мынадай ұсыныс: Егер контексте: «Ел болғанымызға ХХ ғасыр өткен екен» деп келсе, онда қойылмайды. Ал егер «ХХІ-ғасыр еліміздің өркендеуіне маңызды міндеттер жүктейді» деп келсе, онда дефис қойылады. Сол сияқты араб цифры да контекстік мағынасына қарай бірде дефис қойылады, бірде қойылмайды. Мысалы: «Мектеп бітіргеніме 20 жыл болды» дегенде қойылмайды. Ал «Мен мектепті 2015-жылы бітірдім» деген сөйлемде қойылады. Сол сияқты «том, тарау, тармақ, тарауша, бөлім, параграф т.б.» сөздермен келгенде де, контекстік мағына ескерілуі қажет және Цифрды бөліп-жару тап осы жерде қажет емес.

94-параграфта «Ц» әрпі«S» әрпі арқылы жазылады делініп, «sırk, sıfr, sılındr, sırkýl» т.б. мысалдарын берген. Ескертуінде «Ц» тұлғасындағы сөздер «ts» әріп тіркесі арқылы таңбаланады делінген. Мысалы: pıtsa, Nıtsa.

Ұсыныс: Жалпы Ескертудегідей негізде «Ц» әрпін «ts» әріптер тіркесі арқылы берген тиімді. Мысалы: tsırk, tsıfr, tsılındr, tsırkýl, detsımetr, pıtsa, Nıtsa т.б

95-параграфта «Тч» дыбыстар тіркесімен аяқталатын сөздердегі «Т» әрпі түсіріліп жазылады деп, мынадай мысалдарды берген: skoch, skech, mach. Ұсыныс: «Тч» дыбыстар тіркесімен аяқталатын сөздерді «Тś» немесе «Тş» әріптер тіркесімен берген тиімді. Мысалы: skotś, sketś, matś немесе skotş, sketş, matş.

96-параграфта Щ әріпі бар сөздер sh диграфпен таңбаланады делінген. Бірақ, мысалдары сәйкеспейді. Негізі ереженің мағынасы мынадай: Щ әрпі Ш әрпінің қайталап беруімен «shsh» жазылады немесе алғашқы жобадағы берілгендей: Қатар келген дауыссыз шш дыбысын білдіретін щ әрпі shsh түрінде жазылады: ashshy, tushshy, keshshe. 22-тамызда болған кезекті отырыста дыбысын Ś акутпен немесе Ş (Р.S) беру ұсынылды. Егер бұл ұсыныс қолдау табатын болса, онда Щ әрпі бар сөздер былай жазылады: aśśy, tuśśy,keśśe немесе aşşy, túşşy,keşşe. Бұл ұсыныс, әрине жазуға қолайлы, сондықтан біз мұны қолдаймыз.

119-параграфта берілген ереже қазақ тілінің жалпы фонетикалық заңдылықтарына сәйкес келмейді. Мысалы: 1.Қазақ тіліндегі төл сөздерде 2 дауысты дыбыс қатар келмейді деген. 2.Сөздерді буынға бөлген кезде де бір формадағы сөздерді 2 түрлі буынға бөлеміз. Мысалы, сый-лық, си-пат, тый-ма, қи-ма т.б. 3.Сөздерді тасымалдау заңына да қарама-қайшы: сөздерді тасымалдағанда келесі жол дауысты дыбыстан басталмауы керек-тін. Қараңыз: Ұу, үу, ый, ій дыбыс тіркестерінің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер bý-yn, sý-yq, qı-yn, tı-yn, jı-yn түрінде тасымалданады делінген. Бұл - қате ереже.

Ұсыныс: Бұл ережені толықтай алып тастау қажет. Егер 8,9-параграфтар бойынша ұсынылған ережелер қабылданған жағдайда, бұл қисынсыз параграф өздігінен-ақ алынып тасталынады.

ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫС:

1.Әліпбидегі әріптердің реті ыңғайлы етіп берілсе;

2.Кейбір әріптердің жазуда тиімділік жағы мен көркемділігі ескерілсе.

ҚАЗАҚ ӘЛІПБІЙІНІҢ ЖОБАСЫ

Ф.ғ.д., профессор Молгаждаров Қасиет Какенұлы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

«Түркітану және археология» ғылыми-зерттеу орталығының директоры