Қаратауда қазақ тілінің бүгінгі халі сөз болды
Бүгін Жамбыл облысы Талас ауданы орталығы Қаратау қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" республикалық семинары өтті.
Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері Дос Көшім, саясаткер Расул Жұмалы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Дулатитану ғылыми-зерттеу орталығының директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова қатысып көпшіліктің сұрағына тұшымды жауап берді. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде екендігін нақты дәлелдермен көпшілікке түсіндірілді. Сондай-ақ ономастика, латыннегізді жаңа әліпби емле ережелеріне кеңінен тоқталды.
Қатысушылар тіл төңірегіндегі ой-пікірлерін ортаға салып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Шара ертең Құландыда жалғасады.