«Ұлттық ономастика мәселелері» республикалық семинары өтеді

«Ұлттық ономастика мәселелері» республикалық семинары өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, Павлодар қаласында2018 жылғы 25 қазанда«Ұлттық ономастика мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Ісшара барысында идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселелерімен қатар өңірлердегі ономастикалық ахуал жағдайы, сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын маңызды мәселелер қаралатын болады.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, ономаст-ғалымдар, жергілікті атқарушы органдардағы облыстық тіл басқармалары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Павлодар қаласы, 1-Май көшесі 35/1, Достық үйінің кіші мәжіліс залы

Басталуы: сағат 15.00.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-85, 87477285800, 87016752660, 40-83-93.