Тіл жанашырлары Осакаровкада

Тіл жанашырлары Осакаровкада

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов» атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Осакаровка кентінде мемлекеттік тілді дамытуды насихаттауға бағытталған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты республикалық семинарын өткізді.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ бас директорының кеңесшісі Оразкүл Асаңғазы, Терминология және ономастика бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жапсарбай Қуанышев, Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Гүлнарайым Қантарбекова қатысты.

Жобаға этно-мәдени бірлестіктер мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, жұмысшы жастар, студенттер, оқушылар, мұғалімдер және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның басты мақсаты - қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру, ұлттық болмысымызды бабалар тілімен жеткізу, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту және қазақ тілін латын әрпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елдімекендер мен көшелердің атауын тарихи атауларына қайтару туралы насихат жұмыстарын жүргізу болды.