Бердібек Соқпақбаевтың есімі мектептен неге алынып тасталды?

Бердібек  Соқпақбаевтың есімі мектептен неге алынып тасталды?

Алматы қаласы Наурызбай ауданы Таусамалы ауылындағы мектептен классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың есімі алынып тасталды. Бұл мәселе жайында «Егемен Қазақстан» газетіне ғалым Сағатбек Медеубекұлы «Мектебімізге Бердібек Соқпақбаев есімін қайтарыңыздар!..» атты мақаласын жариялаған. (Мақаланың толық нұсқасы қоса жарияланды – ред.) Осы мәселеге орай Алматы қалалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Мәлік Темірханұлына хабарластық. «Жұмыс уақыты аяқталды. Ресми хатқа білім бөлімінің мамандары демалыстан келген соң, жауап береді» деген жауап алдық. Ал Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппарат басшысы Мирас Нұрланұлы «Мектептің атына байланысты өзгерістерге Алматы қалалық білім басқармасы жауап береді. Аудан басшылығының қатысы жоқ…» деп Алматы қалалық Білім басқармасының жауапты екенін айтты. Басқарманың ресми жауабын оқырмандарына алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.