Пән мен тілді кіріктіріп оқытуды іске асыруда тіл мұғалімінің рөлі

Пән  мен  тілді  кіріктіріп  оқытуды  іске  асыруда  тіл  мұғалімінің  рөлі

Тәуелсіз ел тірегі –білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе –білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет өзегі –білім, ғылым. Осы орайда білім ордасының жаны -ұстаз екендігі баршамызға мәлім. Білім беру жүйесіндегі негізгі талап- сабақта білім берудің жаңа технология әдістерін қолдана отырып, оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблиясының XII сессиясында «Үш тұғырлы тіл» туралы идияны жария етіп,ал 2007жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезең – кезеңмен іске асыруды ұсынған болатын.Бұл идеяның мақсаты – мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.Шығыстың ғұлама ғалымы Әл –Фараби секілді70 тіл білмесек те,үш тілді терең меңгеріп алсақ артықтық етпейді. Біз өзіміздің ұлы тұлғаларымыздан үлгі алуымыз керек. Тарихқа үңілетін болсақ біз заманында қауһарлы елдердің әлсіз елдерді басып алып өзінің саясатын жүргізіп сол елге білімі мен тілін үйреткенін байқадық, кейбір елдер өз тілін ұмытып жоғалтып алса, кейбіреуі көзінің қарашығындай сақтап қалды. Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ демекші, біз өзімізге қазіргі уақытта маңызды құндылықтарымызды бағалай алуымыз және оны ары қарай дамытуымыз ертеңгі ел болашағына зор үлес қосу деп санаймын. Болашақ жастар көп тіл білгеннен ұтылмайды, керісінше көп нәрсені талдау, саралау кезінде ұтымды көзқарас жасай алады. Қазақстанды шет елге танытуға да көп көмегін береді.

Бүгінгі күні кіріктірілген оқу бағдарламасынҚазақстанда бірқатар мектептер қолданып отыр. Нақтырақ айтсақ, кейбір мектептерде Қазақстан тарихы, география, құқық негіздері пәндері қазақ тілінде, ал математика, биология, информатика, химия, физика пәндері ағылшын тілінде оқытылып жүр.Бұл әдіс оңай болмағанын біздер сезіп отырмыз,алайда қиындықтарға төтеп беруіміз керек.Бұл бір жылда шешілетін мәселе емес,бірнеше жылдан кейін нәтижесін көріп жатамыз.Бұл кейбір адамдардың түсінігінше қазақ тілінің жойылуы емес,керісінше өз тілін сүйіп,өзге тілге құрметпен қарауға үйретеді. Елбасымыз: «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де:қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі етудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек»,- деп айтқан болатын. Қазіргі таңда бір қуантарлығы заман талабына сай оқушыларымыз үш тілде сөйлеуге бейім екендерін байқатып жүр. Сонымен қатар,қазіргі таңда жаппай жаңартылған білім беру жүйесіне ауысуымыз да біздерге бірден бір көмек. Өйткені, оқушылар топтасып отырып тапсырмалар орындайды. Бұл әдістің біз үшін тиімділігі үш тілді еркін меңгерген оқушы,әлі де көмек қажет ететін оқушылардың үйренуіне ықпал етеді.

Пән мен тілді кіріктіріп оқытуды іске асыруда біздің,яғни тіл мұғалімдерінің рөлі қандай?

Жоғарыда айтылғандай,қазіргі таңда пән мен тілді кіріктіріп оқытуда топтық оқудың маңызы өте зор. Адам баласының бес саусағы бірдей болмайтыны сияқты оқушылар да бір –біріне ұқсамайтын,бірін – бірі қайталамайтын,кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар.Олардың ішінде ең үздігі де, ең төмені де,тентегі де,біліп тұрса да аузын ашпайтыны да,қанша сүйресең алғабаспайтыны да болады.Міне саналы ұрпақ тәрбиелеуде топтық жұмыстың оқушылар үшін де,мұғалімдер үшін де тиімділігін байқап жатамыз. Топта оқушылар бір –бірінің білмегенін жетілдірумен қатар,өздеріне сенімді,ақылдаса отырып ойларын еркін жеткізе алады.

Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі негізінде сабақта берілетін тапсырмалар мен жұмыстар тілді дамыту бағытында жүреді.Оқушылардың ойларын дамыту үшін мұғалім тарапынан әртүрлі тапсырмалар беріп отырған жөн деп ойлаймын. Мысалы: жұмбақ жасырып, шешуін тауып,оны үш тілде айту немесе берілген тапсырмалардың ішінен бір сөзді таңдап алып оны орыс және ағылшын тілдеріне айналдырып жазуларын тапсыруға болады.

7-сыныптың қазақ тілі кітабына үңілетін болсақ, бірнеше пәннің жиынтығын көреміз.«Ғаламтор және әлеуметтік желілер»тақырыбында оқушылар орысша,ағылшынша сөздермен танысады.Сонымен қатар, «Дәрумендердің пайдасы»тақырыбында жеміc – жидектердің құрамындағы әртүрлі дәрумендермен танысады және «Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар» тақырыбында кездесетін термин сөздерді ағылшын,орыс тілдерінде қолданып үйренеді.

Қорытындылай келе,болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып,заман талабы тудырып отырған үштілде еркін сөйлеп,әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейе түсері сөзсіз.Олай болса бүгінгі таңда үштілді жетік білсем деп ұмтылып жүрген жастарымызға әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге сәттілік тілеймін!