«Жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану»

«Жаңа инновациялық әдістер мен оқыту  технологияларын қолдану»

Біз қадам басқан ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етеді. Елімізде білім саласында білім берудің ескі мазмұнының орнына жаңасы келуде. Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіру, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Бұл-оқытушы мен білім алушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Білім беруде жаңа инновациялық технологияларды қолданылу–заман талабы. Әр мұғалім өз сабағын түрлендіріп өткізгісі келеді. Себебі қазіргі инновациялық технологияларды өз дәрежесінде пайдалану–білім сапасын арттырудың кепілі. Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы білім алушының қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Сондықтанда күнделікті сабақта оқытудың тиімді әдістерін қолдану үшін оқытушыға үнемі ізденіс керек. Осы мақсатта біз өзіндік білім көтеру үшін түрлі әдістемелік құралдарға сүйенеміз. Мен, М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», К.Бітібаеваның «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиялары», Қ.Айтқалиевтың «Тілді оқыту әдістемесі», Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау әдістері», «Қазақстан кәсіпкері» журналының 2006, 2007 жж. 2, 4 және 6 сандарындағы Бөлекбаева Г.К. мен Тілегеновалардың жаңа технологиялық әдістер материалдарын, өз сабағымда пайдаландым. Бұл технологиялардың ерекшелігі–білім алушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін, өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.

Сабақта жаңа әдістерді пайдалану арқылы сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми–педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, тыңдаушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу ұстаздың басты мақсаты. Инновациялық әдістерді тыңдаушылардың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана тіл үйренушілердің алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Сабақты түрлендіруде өз басым ақпараттық технологияларды яғни, компьютер, интерактивті тақтамен жұмыс, мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмаларды пайдалану арқылы өткізуді дәстүрге айналдырдым. Сонымен бірге тыңдаушылармен бірге бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың, әлем елдері әдебиеті мен мәдениетіндегі жаңалықтарға шолу жасап отыруды өз тәжірибеме енгіздім. Себебі оқытумен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы артады.

Әр оқытушының оқытуда, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет. Қытай даналығы: «Айтсаң, ұмытып кетемін, көрсетсең, есте сақтаймын, ал өзіме істеуге берсең-мен бәрін түсінемін» деген екен. Содықтан да тыңдаушының белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер болып табылады.

Қазақ тілі курсын тиімді оқытудың алғы шарты - әр түрлі әдіс-тәсілді пайдалану нәтижесін тәжірибеде байқау, озат тәжірибені жинақтай отырып, тақырыпты оқытуда әрбір әдістің тиімді, тиімсіз жағын ескеріп отыруы. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты-білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.

Қазақ тілі курсы құрғақ өтілмей мәдениетті сөйлеу, жазу дағдысымен ұштасып жатуы үшін, әрбір категорияның өмірде қолдану аясын ашатындай мақсат қойылуы керек. Бұл мәселені бүкіл сабақ барысында сіңіріп, қайталап отыру қажет.

Қазақ тілі курсын оқытуда әдістерді тиімді пайдалану арқылы тыңдаушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді. Бұл бағдарламаны қолдануға өте тиімді ғылыми негіздері ретінде Л.С.Выготский, Д.Дьюи, Ж.Пиаже еңбектерін атауға болады. Мысалы, Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің әр түкпірінен жиналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы. Аталмыш тәжірибені жүйеге келтірген: Ч.Тэмпл, Дж. Стилл болатын. Сыни тұрғыдан ойлану әдіс-тәсілін қолдану нәтижесінде тыңдаушылар өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артқаны байқалды.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы: тіл үйренушілердің өз ойын еркін жеткізуге дайындығымен, стратегиялардың барлығы 3 кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен, оқытушының сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу, оқыту, мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен, ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен тиімді.

Оқытуда ең лайық деген инновациялық әдіс-тәсілдерді таңдау, қолданылу әрбір ұстаздың еркінде. Соған сай ұстаз-ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, білімпаз болуы тиіс.

Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр» деп, елбасымыз өзінің «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында айтқандай, Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруде. Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, тасымалдау, тарату және пайдалану қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.

Себебі, «Жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану» - оқыту сапасының нәтижесі. Ал инновациялық әдістерді тиімді қолданылу-қазіргі заман талабы.