«Өнер сыры - өрнекте» атты кездесу кеші

«Өнер сыры - өрнекте» атты кездесу кеші

«Өнер сыры - өрнекте» атты кездесу кеші

Көрме: «Өнер сыры - өрнекте».

«Қазақтың ою-өрнектері», «Оюмен ой айтқан елміз», «Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым», «Кейкі батыр», т.б.

Кештің мақсаты:

Тыңдаушыларды халықтың көркем өнеріне яғни, ою-өрнегіне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Заман ағымымен ұмыт қалып бара жатқан бабалар өнерін насихаттау. Байділдин Ш. шығармашылығымен таныстырып, сұхбаттасу, пікірлесу.

Кіріспе сөз:

Армысыздар құрметті тыңдаушылар және бүгінгі кештің қонақтары! Сан қырлы ұлттық өнеріміздің бір саласы – ою-өрнектер екенін білеміз. Үңіле білгенге бұл өнердің тылсым сырлары жетерлік. Ою-өрнек – ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, халықтың өткен тарихы – рухани, мәдени-материалдық өмірінің айнасы.

«Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артында» - деп қазақтың кемеңгер акыны Сәбит Дөнентаев айтқандай, бүгін елге «оюшы аға» болып танылған шебермен етене әңгіме құрудың сәті түсіп отыр. Олай болса, бүгінгі ою-өрнектің қыр-сырын меңгерген, Байділдин Ш. шығармашылығына арналған «Өнер сыры - өрнекте» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Күйшілер тобының орындауында күмбірлеген күй
Жүргізуші:

Өткенді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы он саусағынан өнер тамған, әлемдік Шыңысхан академиясының академигі, Арқалық қаласының құрметті азаматы, Абылай хан атындағы Алтын медальдің және «Қазына» сыйлығының екі мәрте иегері, оюшы-қолөнер шебері, өлкетанушы Шөптібай Байділдин ағамызды қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар! Төрлетіңіз!

(жүргізушінің сөзімен қатар слайдтар көрсетіледі)

Жүргізуші:

Шөптібай аға, бүгінгі таңда біздің орталықта бірнеше өзге ұлт өкілдері қазақ тілін меңгеріп жүр. Бүгін біз осы тыңдаушыларымызға қазақ халқының ою өрнектері жайлы кеңінен, толық мәлімет беру мақсатында сізбен кездесіп отырмыз.

Жүргізуші:

Шөптібай аға, Сіздің еңбектеріңізбен таныспас бұрын, біздің тыңдаушыларымызға, өзіңіз жайлы айтып берсеңіз.

(Өмірбаян)

Жүргізуші:

Көп рахмет. Екінің бірінің қолынан келе бермейтін ою-өрнекке деген қызығушылығыңызға не себеп болды?

Жүргізуші:

Шөптібай аға сіздің бір сұхбатыңыздан сіздің аттың суретін жақсы салатыныңызды айтыпсыз. Дал қазір осы жерде шеберлігіңізбен бөліссеңіз, қалай қарайсыз?

(қажетті заттар: А3, маркер, т.б.)

Жүргізуші:

Ендігі кезекте аға, сізге деген біздің тыңдаушыларымыздың бірнеше сауалы бар. (Тыңдаушылардың сұрақтары)

  • Шөптібай аға, бізге ою-өрнек сөзінің шығу тарихын айтып беріңізші?
  • Аға, қазақтың ою-өрнектерінің қанша түрі бар екенін айтып бересіз бе?
  • Тағы бір сұрақ: ұлттық ою – өрнектер неше топқа бөлінеді?
  • Жалпы Сіздің қанша туындыңыз бар?
  • Шөптібай аға, бұл істі жалғастыратын шәкіртіңіз бар ма?
  • Ата-бабаларымыз, яғни қазақ халқы ою-өрнекті не үшін қолданған? т.б.

Жүргізуші:

Дұрыс айтасыз, бағзы заманда ою-өрнектер хаттың орнын алмастырған. Қыздар орамалдың шетіне ою салып, сол арқылы ғашығына ойын жеткізген. Осыған қарап-ақ ою-өрнекке жай нәрсе деп қарау қателік деп ойлаймын. Көңілге көлеңке түсірері байырғы дәстүріміздің бір бөлшегі саналар оюлар өз орнымен қолданылмай шатысып жүр. Мәселен, қазақ халқында тек қошқар мүйіз оюы ғана бар сияқты қабылдайтындарға таң қалмасқа шара жоқ. Ақ самайлы әжелеріміздің, ісмер қолды шеберлеріміздің айтуынша қошқар мүйіз сырмақтың оюы болып табылады. Бұған не дейсіз?

Жүргізуші:

Шөптібай аға бүгінгі кешімізге келіп, өзіңіздің ой-пікіріңізбен бөлісіп, қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері жайлы құнды мәлімет бергеніңізге көп рахмет.

Сізді биылғы 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Біздің тілдерді оқыту орталығының атынан естелік сыйлығымызды қабыл алыңыз.

Сіздің еңбегіңіз әлі талай ұрпақтың кәдесіне жарап, алғысына ие болатыны сөзсіз. Ел үшін атқарар игі істеріңіз көп болсын!

Күй:Қабыл алыңыз.

Жүргізуші:

Жүргізуші:

Ісім оңсын десеңіз

Сол істің маманы болыңыз,

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз-деген ғұлама ғалым Әл-Фарабидің сөзімен кездесу кешімізді аяқтаймыз. Барлықтарыңызға зейін қойып тыңдап, кешімізге атсалысқандарыңыз үшін мың алғыс. Келесі кездескенше сау болыңыздар!