Министрлік сайтын аштың ба, қателерді көрдің бе?

Министрлік сайтын аштың ба, қателерді көрдің бе?

Министрлігінің сайтына шолу жасап, сауатсыз аудармаларға шолу жасаған едік...


Бірінші ашқанымыз – Ішкі істер министрлігінің ресми сайты. Алғашқы бетінде қазақ және орыс тіліндегі ақпараттар аралас жүр. Орысша бөлімінде бұлай емес. Онда қазақ тілді мәтін жоқ… «Балалар айдарына» өттік. Мұнда қауіпсіздік ережелеріне байланысты құнды мағлұматтар жинақталған. Тек қазақ тілінде өте сауатсыз жазылыпты. Мәселен, «Есіртіге масаю белгілері. Есірткі тұтынудың жалпы белгілері» деген ақпаратта «Мінез-құлық белгілері: қасында болып жатқандарға барған сайын мән аудармау» деген жол бар. «Мән бермеу», «Көңіл аудармау» деген тіркес бар, бірақ «мән аудармау» дегенді бірінші рет естіп отырмыз. «Айналасында болып жатқан жағдайларға қызығушылығының азаюы, мән бермеу» болса керек. Ақпараттың тақырыбы да қате. «Есіртіге» деп жазыпты. «К» түсіп қалғаны анық. Жалпы алғанда, әріптің түсіп қалуы, артық әріптің жазылып кетуі өте жиі кездеседі.


«Балаларға арналған жадынаманы» аштық. ІІМ-не қарасты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті әзірлеген. Мына сөйлемге назар аударыңыз: «Мамандар өрт шыққан жерді қарап, қайта өрт шығуына қауіп жоқтығын анықтайды. Бірақ, өрт сөндіру командасын жайдан жай, ойнап немесе қызығушылықтан шақыртатын болса, бұл құтқаршылардың күштерін төтенше жағдайлар болып жатқан жерден ауытқып қана қоймай, ойнаған балаға немесе оның ата-анасына жағымсыз нәтиже болуы мүмкін». Аударма екені тайға таңба басқандай анық. «Мамандар өрт шыққан жерді қарап, жағдайдың қайталану қаупі жоқ екеніне көз жеткізеді. Бірақ өрт сөндіру тобын жайдан-жай, ойнап немесе қызық үшін шақыруға болмайды. Себебі олардың көмегі басқа жерде керек болуы мүмкін. Мұндай жағдайда шақырған адам жауапқа тартылады» деп жазса, түсініктірек болар ма еді? Айта кетейік, осы жадынамада мәтін қалай болса солай, абзацтарға бөлінбей, бірыңғай жазыла салған. Ал орысшасында әр жол өз орнында тұр. Түсінікті. Қазақшасына жеткілікті көңіл бөлінбегені өкінішті.

«Жол «ұстаулары» туралы» деген бөлімде де осы жағдай. «Жол ұстаулары» деп отырғаны – орысша «дорожные ловушки»-дің аудармасы. «…жол апатынан жарақат алатын балалардың 95%-ын қайталанатын жол торлары деп аталатын жағдайларда автокөліктердің қағып кетіп отырғаны мәлім». «Қайталанатын жол торлары» деген не? Орысша бетіне өттік. Ол да – сол «ловушки» сөзінің аудармасы екен.

«Судағы қауіпсіздік ережелер» («і» әрпі түсіп қалған) деген жадынамаға да осы белгілер тән. «Қоршау белгісінен әрі жүзімеңіз», «Өтіп бара жатырған катердің, қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз» деген сөйлемдер – соның дәлелі. Кейінгі кезде «жатқан» дегенді «жатырған» деп жазу белең алған. Бұл – еліміз-дің батыс өңіріне тән диалект. Ауызекі тілде «отырған», «тұрған» сөздеріне ұқсатып айтылса да, «жатқан» болып жазылады.


Осы айдарда әкім-шілік полиция комитеті әзірлеген «Өзіңді сек-суалдық зорлық-зомбы-лықтан қалай қорғау керек» деген жас-өспірімдер мен олардың ата-аналарына арналған құжат бар. Өте пайдалы ақпарат қамтылған. Мұнда да әріптік қателер мен қисынсыз сөйлемдер өріп жүр: «отбаснан тыс жерден», «бұрынғы рұқсат оларға болашақтағы қылыққа міндеттемейді», «базбалалар», «көлікті тәуекелдеп тоқтатпаңыз, сізді бейтаныс адамдар жетк3з3п салуына келіспеңіз», «жетелсаты», «сізд34 достарыңыз болуға рұқсат етпейді, сізді тексереді, қарым-қатынастың ізілуін қабылдамайды», «көмектесңіздер», «очылай істеуге мін-детті», «ренжету-ші-лер», «мәселе-лерден қытылу-ға көмектесу», «қадір-қасеті сезімі», «зрлықшылды» және тағы да басқа.


Барлық министрліктердің сайтында осындай қателер көп. Мәселен, Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі және орта білім» деген бір ғана бетінің мысалдарын алайық. «Жиынтық бағалау бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауп», «критериалды бағалау бойнша хат», «2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ғылым мен білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын мектепке дейінгі тәрбие мен білім»… Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр-лігінің сайтындағы «2018 жыл5ы 1 мамырда5ы жа5дай бойынша», «447 адам оқудя аяқтады», «халыктың көші-қон саласындағы қызметтері» тәрізді қателер мен «Оқуды еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар мен білімдерді алуды қажет ететін барлық жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өте алады», «Ауыл және орман шаруашылығының моторлан-дырылған операторлары» сынды қате құрылған сөйлемдерден көз сүрінеді.


Жалпы қазақша контентке жауапты мамандардың немқұрайдылығы ма, әлде сауатсыздық дейміз бе, барлық сайттарда осыған ұқсас жағдайлар жиі кездеседі. Қазақша қате жазылу былай тұрсын, кейбіреуінде тіпті қазақша ақпарат та жоқ. Мәселен, Ұлттық экономика министрлігінің жаңа Салық кодексіне байланысты жасаған презентацияларының тақырыбы қазақ тілінде болғанымен, ішіндегі мәтіні орыс тілінде ғана салынған. Бәлкім, орыс тілінде ғана жасалған болуы да мүмкін. Сонда тек қазақша түсінетіндер кодекс жобасымен қалай танысады? Енгізілген өзгерістер туралы қайдан біледі? Неге сайттардың орысша бетінде мұндай қателер жоқ? Қазақтілді оқырман мұның бәріне неге көз жұма қарауы тиіс? Бітпейтін сауал. Жауап біреу – тіл мәртебесіне, сол тілде сөйлейтіндерге жүрдім-бардым қарау. Бұл келеңсіздікпен бірге күреспесек, тамырын тереңге жайып кетер түрі бар.
Қазақ тілі – қарашығым! Хат жазы-ңыздар! Ортақ іске бірге жұмылайық!