Көшпелі семинар өтті

Көшпелі семинар өтті

Павлодар облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Качир ауданының ісжүргізушілеріне, аудармашыларына және қазақ тілі мамандарына арналған кезекті облыстық көшпелі семинар өтті.

Шараның басты мақсаты – қала, аудандардағы тіл мамандарының, аудармашылар мен ісжүргізушілердің біліктілігін арттыру, тілді меңгерту үлгілерін жетілдіріп қалыптастыру, тіл мәдениетін дамыту.

Семинар барысында тіл мамандары мен аудармашыларға арналып дәрістер, практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ тіл мәдениетін дамыту, терминжасам және латынға көшу мәселелері талқыланды.