Ағаш тамырымен, адам досымен мықты

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты

Сабақтың тақырыбы: Ағаш тамырымен, адам досымен мықты. Есімдік. Сілтеу есімдігі. Сұрау есімдігі. Сабақтың мақсаттары: 1) лексикалық тақырыпты меңгеру барысында тіл үйренушілердің сөздік қорын молайту; 2) жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерте отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; 3) түрлі тапсырмаларды орындату арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту. Қолданылатын әдіс-тәсілдер:сәйкестендіру, сұрақ-жауап, сұхбаттасу. Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, плакат. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сөздер адал-честный ақкөңіл- добродушный жомарт -шедрый келбетті- красивый мейірімді – добрый мінезі жағымды – приятный характер салмақты –серезный тартымды – привлекательный ІІІ.Жаңа сабақ. 1.Ережемен танысыңыз. Сұрау есімдігі. Заттың, құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін, бірақ солардың орнына қолданылатын сөз табын есімдік деп атаймыз. Мысалы: Ол (кім?) компьютерді жетік меңгерген. Есімдіктер мағыналық жағынан жеті түрге бөлінеді: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық есмідіктері. Сұрау есімдіктері – заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын т.б. білу мақсатында айтылатын сөздер. Сұрау есімдіктері сұрау мағынасымен қоса, кейде саралау, жекелеу мағынасында да қолданылады. Вопросительные местоимения – это слова, которые употребляются для того, чтобы узнать название, количечтво, качества предеметов, место, время и способ действия. Кім (кто),не (что),неше (сколько),қанша (сколько),қай (который), қайда (куда),қайдан (откуда),қалай (как),қайсы (какой),нешеу (сколько),нешінші т.б. Мысалы: Қайда барасың? (куда пойдешь?) Үйге барамын.(домой пойду) -Кімді көрдің? (кого видел?) -Көршінің қызын көрдім.(видел соседскую девочку) -Қашан келдің? (когда приехал) -Бүгін келдім (сегодня приехал) Жазылым 1-тапсырма. Екі бағандағы сөздерді аудармаларымен сәйкестендіріңіз. Байланыс-обижаться таныс-связь ғаламтор-к сожалению шеге-характер сыныптас-дружный өкінішке орай -знакомый Ренжу-интернет Лақап ат-гвоздь Мінез-одноклассник Тату-псевдоним 2.Тыныс белгілерін қойып, сұраулы сөйлемдерді сол жаққа, хабарлы сөйлемдерді оң жаққа жазыңыз. Бүгін анам келеді Жауабыңызды қашан айтасыз Асқар – есепші Әлима әнші емес Қайда барасың Компьютерің керемет екен Қандай сұрақ Қай кітап қызық Жемістің бәрі пайдалы Белдемшенің қайсысы әдемі ? + ...................................................... ...................................................... ...................................................... ...................................................... ...................................................... 1. ...................................................... ....................................................... ....................................................... ....................................................... 5. ....................................................

Сабақтың тақырыбы: Ағаш тамырымен, адам досымен мықты. Есімдік. Сілтеу есімдігі. Сұрау есімдігі.

Сабақтың мақсаттары:

1) лексикалық тақырыпты меңгеру барысында тіл үйренушілердің сөздік қорын молайту;

2) жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерте отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

3) түрлі тапсырмаларды орындату арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:сәйкестендіру, сұрақ-жауап, сұхбаттасу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, плакат.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сөздер

адал-честный

ақкөңіл- добродушный

жомарт -шедрый

келбетті- красивый

мейірімді – добрый

мінезі жағымды – приятный характер

салмақты –серезный

тартымды – привлекательный

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Ережемен танысыңыз. Сұрау есімдігі.

Заттың, құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін, бірақ солардың орнына қолданылатын сөз табын есімдік деп атаймыз.

Мысалы: Ол (кім?) компьютерді жетік меңгерген.

Есімдіктер мағыналық жағынан жеті түрге бөлінеді: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық есмідіктері.

Сұрау есімдіктері – заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын т.б. білу мақсатында айтылатын сөздер. Сұрау есімдіктері сұрау мағынасымен қоса, кейде саралау, жекелеу мағынасында да қолданылады.

Вопросительные местоимения – это слова, которые употребляются для того, чтобы узнать название, количечтво, качества предеметов, место, время и способ действия.

Кім (кто),не (что),неше (сколько),қанша (сколько),қай (который), қайда (куда),қайдан (откуда),қалай (как),қайсы (какой),нешеу (сколько),нешінші т.б.

Мысалы:

Қайда барасың? (куда пойдешь?)

Үйге барамын.(домой пойду)

-Кімді көрдің? (кого видел?)

-Көршінің қызын көрдім.(видел соседскую девочку)

-Қашан келдің? (когда приехал)

-Бүгін келдім (сегодня приехал)

Жазылым

1-тапсырма. Екі бағандағы сөздерді аудармаларымен сәйкестендіріңіз.

Байланыс-обижаться

таныс-связь

ғаламтор-к сожалению

шеге-характер

сыныптас-дружный

өкінішке орай -знакомый

Ренжу-интернет

Лақап ат-гвоздь

Мінез-одноклассник

Тату-псевдоним

2.Тыныс белгілерін қойып, сұраулы сөйлемдерді сол жаққа, хабарлы сөйлемдерді оң жаққа жазыңыз.

Бүгін анам келеді Жауабыңызды қашан айтасыз Асқар – есепші Әлима әнші емес Қайда барасың Компьютерің керемет екен Қандай сұрақ Қай кітап қызық Жемістің бәрі пайдалы Белдемшенің қайсысы әдемі

?

+

......................................................

......................................................

......................................................

......................................................

......................................................

1. ......................................................

.......................................................

.......................................................

.......................................................

5. ....................................................

3.Берілген сұрау есімдіктерімен сөйлемді толықтырыңыз.

1.Бүгін сен қайда барасың?

2. Оның жиені қалаға ..................барады?

3............................... мамандықты таңдайсың?

4. Кітаптарды............................. бересің?

5.Ағаң.................... жылы шахматтан бірінші орынды алды?

6.Мынаның..................... дұрыс?

7. Сен...................... шаңғы тебумен айналысасың?

8. ........................... отбасыңызбен бірге тұрмайсыз?

9.Әкеңіз биыл ................................ жасқа толады?

10. Бұл мәселемен ............................ айналысады?

4. Мағыналас фразаны табыңыз.

1

Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз.

А

Қарым-қатынастың пайда болуы

2

Айша деген қызбен таныстым.

Ә

Достықты үзу

3

Көп нәрсеге келіспейтін болдық.

Б

Қарым-қатынастың үзілуі

4

Досым көптен бері хат жазбады.

В

Жақын достар

5

Балаларыммен жақсы сөйлесемін.

Г

Біреуге ұқсау, еліктеу

6

Құрбым сияқты киінемін.

Ғ

Отбасылық қарым-қатынас

7

Досыммен күнде телефонмен сөйлесеміз.

Д

Тығыз қарым-қатынас

5. Асты сызылған сөзге сұрақ қойып, екінші бағанды толтырыңыз.

1.Менің пәтерім жақсы.Сенің пәтерің қандай?

2.Кешеден бері қар жауып тұр.....................................................

3.Сіздің мамандығыңыз – есепші. ................................................

4.Оның әкесі қызыл мәшине алды. ................................................

5.Менің әпкем ертең келеді. ...........................................................

6.Берілген сөздерді мағынасына сәйкес топтастырып жазыңыз.

Жақын дос, бастық, күйеу, жолаушы, ата-ана, ауа райы, ескі дос, әйелім, бөлемнің досы, нағашымның құрбысы, заңгер, пәтер, белдемше, мұғалім, немере, сыныптас досыңыз, аспаз, нағашы, гүл.

Отбасы

Достар

Жұмыс

Өзге

1..........................

1..........................

1..........................

1..........................

2............................

2............................

2............................

2............................

3............................

3............................

3............................

3............................

4...........................

4...........................

4...........................

4...........................

5..........................

5..........................

5..........................

5..........................

ТЫҢДАЛЫМ.

7. Тыңдаңыз. Берілген суреттерді мәтінге сай нөмірлеңіз.(«Қазақ тілі» В1 17 б)

Сөйлесім

8.Сұраққа жауап беріңіз.

Олар бір-біріне кім болып келеді? (төмендегі сурет бойынша)(«Қазақ тілі» В1 11 б)

ОҚЫЛЫМ.

9. Мәтінді оқыңыз. «Шегенің ізі» («Қазақ тілі» В1 12 б)

Шегенің ізі

Бір мінезі жаман жас жігіт болыпты. Бір күні әкесі оған бір жәшікті беріпті. Жәшіктің іші шегеге толы екен. Жігіт: «Әке, маған мына жәшік пен шеге не үшін керек?»-деп сұрапты. Әкесі: «Достарыңмен әр жанжалдасып немесе ренжісіп қалған кезде мына тақтайға бір шегеден қағып отыр»,-депті.

Алғашқы күні жігіт тақтайғашеге қағыпты. Одан кейінгі апталарда жігіт шегенің санын азайта бастапты.

Бір айдан кейін тақтайға мүлде шеге қақпапты. Бұл жайды әкесіне айтыпты. Сонда әкесі жігітке тақтайды көрсетіп: «Ал енді, балам, бүгіннен бастап, достарыңмен татуласқан, олардан ренжіткенің үшін кешірім сұраған әр күнің үшін тақтадан бір шегеден суырып алып таста»,-депті.

Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, тақтайдағы барлық шегені суырып біткен екен. сонда әкесі баласына тақтайды көрсетіп: «Балам, жарайсың, жарадың,-депті, алайда, мына тақтайға жақсылап қарашы. Шегелерді суырғанда қалып қойған көп тесікті көріп тұрсың ба? Демек, тақта бұрынғыдай таза қалпында , әдемі болып қалмайды деген сөз. Достарыңмен ренжіскенде, бір-біріңді түсінбеген кезде жаман сөздер айтылады. Әрбір айтылған жаман сөз өзінің артына мына шегелер сияқты қара тесік қалдырады. Жолдасың да, сен де өзара кешірдік, енді қайтадан доспыз дегенмен, дәл мына тесіктер секілді кірбің қалады. Бұл-шындық. Сондықтан дос қадірін біліп, ешкіммен ренжіспейтін, араздаспайтын бол, балам. Әрқашан тату болғаның жақсы»,-деген екен әкесі.

СӨЙЛЕСІМ

10.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ең жақын досыңыздың есімі кім?

2.Онымен қашан таныстыңыз?

3.Досыңызды ренжітіп алған кезіңіз болды ма?

4.Егер ренжіскен кездеріңіз болса, қалай татуластыңыздар

5.Сіз үшін кешірім сұрау оңай ма?

6.Досыңыздың қандай болғанын қалар едіңіз?

Дұрыс/бұрыс жауаптың тұсына + белгісін қойыңыз.

Дұрыс

Дұрыс емес

1

Әңгіме достық, жақсы қарым-қатынас туралы.

+

2

Мінезі жаман бір қыз болыпты.

3

Әкесі оған шегеге толыжәшікті беріпті.

4

Жігіт бірінші күні барлық шегені қағыпты.

5

Бір айдан кейін мүлде шеге қақпапты.

6

Әкесі екінші шегеге толы жәшікті беріпті.

7

Әкесі достарыңды сыйла, ренжіспе деп айтыпты.

8

Әкесі достарыңнан кешірім сұрап, достасқан кезде шегелерді суырып ал депті.

9

Достарыңмен тату болмағаның дұрыс депті.

10

Жігіт достарын ренжітпейтінін айтыпты.

ЖАЗЫЛЫМ

11.Төмендегі сөйлемдерге сұрақ қою арқылы екінші бағанды толтырыңыз.

1

Кітапты үстелдің үстіне қойды.

Кітапты қайда қойды?

2

Сен осы бөлмеде ұйықтайсың.

3

Хатты өзіне жаздырды.

4

Жіберілген хабарламаны өшір.

5

Көйлекті осы шеберханада тіктірейін.

6

Немересіне қызды айтырыпты.

12. Аударма жұмысы.

Мен қалада оқығанда, ауылдағы апамды сағынатынмын. Сондықтан жиі хат жазатынмын. Әкеммаған ақша салып тұратын. Анам маған азық-түлік жіберіп тұратын.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үйге тапсырма:

Ерекшеленген сөздерге сұрақтар қойып, сұраулы сөйлем құрастырыңыз.

Оның бөлмесі жарық.

Кімнің бөлмесі жарық?

Ербол гитара тартады.

Бұл – Нұрболдың пәтері.

Бэкхем Англияда тұрады.

Рүстемнің компьютері жаңа.

Менің кеңсем – мынау.

Әйгерімнің жасы отызда.