ғылыми-практикалық конференцияның

 ғылыми-практикалық конференцияның

«Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияның

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Өтетін орны: Алматы қаласы әкімдігі,

№ 1 мәжіліс залы

(Республика алаңы, 4).

Өтетін уақыты:2018жылғы 15 мамыр, сағат 10.00

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты мен міндеті: Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелерін және олардың шешу жолдарын ұсыну. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі және қазақ дыбыстарының латын таңбасымен таңбалануын, жазудың қызметі және қазақ қоғамында қолданылған жазу түрлерін, латын қарпіне бұрынырақ өткен түркі халықтарының тәжірибесін сараптау, латын қарпіне өту бойынша құрылған ресми жұмыс топтарының жұмыстары туралы ақпарат беру.

Конференцияға қатысушылар. Конференция жұмысына қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері,танымал тілші ғалымдар, білім, ғылым мекемелерінің мамандары, докторанттар, магистранттар, мемлекеттік органдардың тіл мәселесіне жауапты қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері және т.б. шақырылады.

Конференцияға қатысушыларға сертификат беріледі.

Байланыс телефондары: 2631527, 2631332.