​«Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» тілдік бранч ашылды

​«Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» тілдік бранч ашылды

Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ана тілі» орталығында жексенбілік «Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» атты отбасылық тілдік бранчтың ашылуы өтті.

Үш тілді оқыту бойынша курстың мақсаты тілдік ортаға ене отырып, қазақ халқының тарихын, тұрмысын, рухани құндылықтарын таныстыру, отбасы институтында ұлттық тәрбиені дамыту.

Жалпы тіл үйренуге ниет білдірген отбасыларға ұйымдастырылған бранчта тыңдаушылар бос уақыттарын отбасымен бірге өткізіп, әрі тілдік және коммуникативтік дағдыларды меңгереді. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тақырыптық сабақтар арқылы тыңдаушылар өздерініңсөздік қорларын толықтырып, мәдени-тілдік құзыреттіліктері мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар тілдік курстарда жоба авторы, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ш.Д. Кинжиковамен мастер-класстар өткізілетін болады.