Назарбаев университеті басшылығы назарына

Назарбаев университеті басшылығы назарына

Еліміздегі нөмірі бірінші, әрі Елбасы атындағы университеттің көрнекі құралдарында мемлекеттік тіл нормалары сақталмаған. Атап айтқанда, көрнекі ақпарат қазақ тілінде дұрыс жазылмаған, мәтіннің орналасу тәртібі сақталмаған (мемлекеттік тілдегі мәтін ағылшын тілінен соң жазылуда), орыс тілінен тікелей аударма жасалған. Аталмыш заңбұзушылық ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы барша халыққа, күллі мемлекеттік органдарға жүктеген тапсырманың жүзеге асуына нұқсан келтіріп отыр деуге де болады.