Жас әдебиетшілер форумы өтуде

Жас әдебиетшілер форумы өтуде

Талдықорған қаласындаАлматы облысы әкімдігі,Қазақстан Жазушылар ОдағыныңАлматы облыстық филиалымен Алматы облысыныңтілдердідамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруыменЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бір жылдығына орай сәуір айының 23-24 күндері жас әдебиетшілердің бірінші форумы өтті.

Облыста тұңғыш рет ұйымдастырылған «Жетісу көктемі» жас әдебиетшілер форумы аясында Астана мен Алматыдан келетінбелгілі қаламгерлерүшін жетісудағы мәдени, тариxи мекендерге саяxат жасалады.Қазақ әдебиетінің бүгіні мен болашағы туралы ой қозғайтын секция жұмыстары «Руx» әдеби бәйгесін жеңіп алған авторлардың кітабының тұсауы кесіліп, Жазушылар одағы бірнешеадамдымүшелікке қабылдамақ. Сонымен бірге «Мәңгілік елдің мұраты» атты облыстық әдеби байқаудың қорытындысышығып, әдебиет саласындағы әкім жүлдесі табысталады.

Форум жұмысына қатысушы делегаттарды Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев, Қазақстан ЖазушыларОдағыАлматы облыстық филиалының директоры, ақын Ерлан Жүніс, жазушы Есболат Айдабосынбастаған топ қасиетті Қарасай ауданында қарсы алды.