​Қазақ ті­лін­дегі 100 жаңа оқу­лық – қо­­ғам­дық сананы жаң­ғыр­ту­дың бастауы

​Қазақ ті­лін­дегі 100 жаңа оқу­лық – қо­­ғам­дық сананы жаң­ғыр­ту­дың бастауы

​Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағдар­ла­ма­лық мақаласының шең­берінде «Жаңа гу­манитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы басталғаны белгілі.

Бүгінгі таңда еліміздің бі­лім саласында көптеген же­тіс­­тіктер бар. Көптеген ж­о­ға­­ры оқу орындары әлем­дегі б­ә­­секеге қабілетті білім ошақ­та­рының қатарына қосылды.

Сонымен қатар біздің жас­тар әлемдегі озық оқу орындарында білім алып жа­тыр. Мемлекет басшысы ұсын­ған аталған жаңа жоба бұл жетістіктердің заңды жал­ғасы. Сайып келгенде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ ті­лін­дегі 100 жаңа оқу­лық» – қо­­ғам­дық сананы жаң­ғыр­ту­дың бастауы. Аталған жобаны жүзеге асыру жас мамандарды даярл­ау­­да жаңа сапалық кезең­ге шы­ғуға мүмкіндік бере­ді. Жа­ңа оқулықтар бойынша бі­лім алатын студенттеріміз білім са­ласындағы жаһан­дық бә­се­ке­лерге төтеп беретін­дігі­не сенімдімін.

Жоба аясында алғаш болып тұсауы кесілген 18 оқу­лық – жастардың маз­мұн­ды болашағына жасалған маңыз­ды қадам. Енді біз­дің студенттер әлемнің маң­дай­алды ғалымдарының еңбек­те­рін өз ана тілінде оқи алады. Менің ойымша, бұл жоба­ны жүзеге асыру еліміздің әлем­дегі қарқынды дамыған отыз мемлекеттің қатарына қо­сы­луы­на айтарлықтай ықпал ет­пек.