Ұлттық салт-дәстүр дәріптелді

Ұлттық салт-дәстүр дәріптелді

Наурыз мейрамын тойлау күндеріне арналған облыстық жоспарға сәйкес 13-14 сәуір «Дәстүр күндері» деп жарияланған. Осы күндер қарсаңында Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12 сәуірінде үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен кездесу өтті.

Шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы мен мүшелері, «Замандас» ардагерлер клубы, «Ұлттағдыры» қозғалысы, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша филиалының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Елбасының үштілділікті дамыту, латын графикасына кезең-кезеңімен көшу мәселесіне және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және жаңғырту бойынша мәселелер талқыланды.

Шара соңында мемлекеттік тіл саясаты мен Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы төңірегінде айтылған басым бағыттардың жүзеге асырылуына ұйым мүшелері қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.