Нұрсұлтан Назарбаев: Ата-аналар қазақ тілінде оқытуды да ұмытпауы керек

Нұрсұлтан Назарбаев: Ата-аналар қазақ тілінде оқытуды да ұмытпауы керек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездесті, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мемлекет басшысы ағылшын тілінде жеке пәндерді оқытуға көшу үрдісіне ерекше тоқталып өтті.

«Ағылшын тілінде жеке пәндерді оқыту жоғарғы сыныптарда жүргізілетін болады. Балаларды қазір ағылшын тіліне үйретпесек, болашақта толыққанды кадрлар дайындай аламыз деп айта алмаймын. Бұл – уақыт талабы және ата-аналар бұған түсіністікпен қарауы керек. Алайда балаларды қазақ тілінде оқытуды да ұмытпау керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Министр өз кезегінде ағылшын тілінде жеке пәндерді оқыту бойынша мұғалімдерді дайындау көрсеткішін айтты.

«2016 жылы тек 2 мыңға жуық мұғалім ғана ағылшын тілінде сабақ беретін еді. Былтыр тиісті курсқа қатысуға 11,5 мың адам өтініш берген, оның ішінде 3 мыңдай мұғалім курсты аяқтап, ағылшын тілінде білім бере бастады. 8 мыңға жуығы өзінің оқуын жалғастырып, қажетті деңгейге өтіп жатыр. 2019 жылы 13,5 мың мектеп мұғалімі төрт пәнді ағылшын тілінде үйретуді бастайды», - деді Ерлан Сағадиев.

Кездесудің соңында Елбасы министрге біршама тапсырма берді.