​Интернет-ресурстардағы қателерге жол жоқ!

​Интернет-ресурстардағы қателерге жол жоқ!

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында кездесетін орфографиялық және грамматикалық қателерді анықтау бойынша мониторинг жұмыстарын бастады.

Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік органдардың ресми сайттарында кездесетін орфографиялық, грамматикалық, пунктуациялық қателерге жол бермеу және ақпараттарды Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңының талаптарына сәйкес ресімдеу болып табылады.

Мониторинг жүргізу барысында басқарма мамандары қазақ және орыс тілдеріндегі контенттің сәйкестігіне, орфографикалық және грамматикалық қателердің орын алуына және материалдардың уақытылы жаңартылуына талдау жүргізеді.

Мониторинг қорытындысы бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларына қателерді түзету мерзімі көрсетілген ұсынымхаттар жолданатын болады.