Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының, Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «ЛАТЫНҒА КӨШУ: ТӘЖІРИБЕ, ПРОБЛЕМАЛАР, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның латын графикасына көшкен елдердің тәжірибелерімен бөлісу, жан-жақты талқылау, латынға көшуді тиімді әрі сапалы түрде кезең-кезеңмен жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдарын айқындау, оның маңыздылығын жеткізу мақсатынды ұйымдастырылды.

Маңызды басқосуға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек, С.Демирел атындағы университеттің филология ғылымдарының докторы, профессор Құралай Күдеринова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Жантас Жақыпов, Түркия елінен Эге университетінің Түркі әлемін зерттеу институтының негізін қалаушы, академик Фикрет Туркмен, өңірлердегі тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес, қоғамдық ұйым, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, ғалымдар қатысты.

Конференция барысында сөз алған ғалымдар қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуде көш бастаушы елдердің тәжірибелерімен бөлісіп, проблемаларды талқылап, шешу жолдарына тоқталды.