​«Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер конкурсын өткізу қағидалары

​«Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер конкурсын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы «Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер республикалық конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) қазақстандықтардың тіл мәдениетін дамыту және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттау мақсатында әзірленді.

2. Конкурсты өткізудің мақсаттары

2. Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) қазақстандықтардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

2) жыр, терме жанрын дамыту;

3) жыр, терме жанрын жастардың арасында кеңінен насихаттау.

3. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

4. Конкурсқа облыстардан және Астана, Алматы қалаларынан

16-35 жас аралығындағы бір үміткерден қатысады.

5. Конкурс 2018 жылыдың қараша айында өткізіледі.

6. Конкурс облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Тілдерді дамыту басқармаларының жәрдемдесуімен өткізіледі.

7. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Конкурсқа қатысу үшін жазбаша өтінімді Комитетке конкурс жарияланғаннан кейін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Тілдерді дамыту басқармалары 15 қазанға дейін мынадай құжаттармен бірге береді:

өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

жеке куәліктің көшірмесі;

орындалатын шығарманың мәтіні.

9. Қағиданың 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.

10. Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

11. Үміткерлерге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес тақырыптық бағыттардағы шығармаларды орындау ұсынылады.

4. Қорытынды ережелер

12. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін дәстүрлі өнер шеберлерінен, қоғам қайраткерлерінен және зиялы қауым өкілдерінен қазылар алқасы құрылады.

13. Қазылар алқасы – төрағадан және мүшелерден тұрады.

14. Конкурс жеңімпаздары қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасының дауыстары тең болған жағдайда төраға дауысы басымдыққа ие болады.

15. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

1) орындалатын шығарманың ұсынылған тақырыптарды қамтуы мен өзектілігі;

2) шығарма мазмұнының тереңдігі;

3) шығарманы орындау шеберлігі;

4) тіл нормасының сақталуы;

5) сахна мәдениеті.

16. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

17. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Текті сөздің төресі – терме»

жыршы-термешілер республикалық конкурсын

өткізу қағидаларына қосымша

«Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер

республикалық конкурсқа қатысу үшін өтінім

Т.А.Ә. ____________________________________________________________

Жасы ______________________________________________________________

Жынысы ___________________________________________________________

Білімі ____________________________________________________________

Жұмысы ____________________________________________________________

Мекенжайы__________________________________________________________

Байланыс телефондары_______________________________________________

Наградалары________________________________________________________

Фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)

Қолы

Күні