Қостанай облысында орысша жер-су аттары қазақшалана бастады

Қостанай облысында орысша жер-су аттары қазақшалана бастады

Қостанай ауданына қарасты Глазунов ауылының және төрт көшенің атауын өзгерту туралы ұсыныс тұрғындар тарапынан жергілікті әкімдікке қаңтар айында түсіпті. Селолық округ әкімі Бауыржан Нұрғазиннің айтуынша, бұл ұсыныс хатқа 210 адам қол қойған деп жазады «Қостанай таңы» газеті.

Жиылғандар ұсынысты дауысқа салмас бұрын өз пікірлерін білдірді. Қолдаушылармен қатар, үйреншікті болып қалған атаулардың өзгеруін құптамайтындар да табылды. Бірақ Бауыржан Нұрғазин хатқа қол қойғандар – 2015 жылы Семенов, Глазунов, Степной ауылдары тұрғындарынан құралған қауымдастық өкілдері мен қарапайым тұрғындар екенін айтты.

— Бұл қоғамдастықты құрушы да, мүшелерін тағайындаушы да тұрғындардың өздері. Олар төрт жылға тағайындалады. Міндеттеріне селолық округтің барлық бюджеттік бағдарламаларын және өзге де мәселелерін шешу кіреді. Бұл құрамға ЖШС директорлары, шаруа қожалықтарының басшылары, зейнеткерлер, өз-өзін жұмыспен қамтушылар кіреді. Олар атаудың өзгеруін жақтап дауыс берді, — деді Б.Нұрғазин.

Сонымен, Глазунов селолық округі Айсары округі деп аталатын болады.

Бұл, негізінде, елді мекеннің көнедегі атауы еді. Нақтырақ айтқанда, ауылға жақын маңда орналасқан өзен. Кезінде Айсары өзенін бойлай Торғай-Қостанай пошта таситын даңғыл жол өткен екен. Саудагерлер мен көпестер тынығуға жиі тоқтайтын жер болған көрінеді. Кейінірек Глазунов есімді әлдебір көпеске осы маңның табиғаты ерекше ұнап, сатып алып, қоныстанушыларға жалға беріпті-мыс. Тұрғындар осы көпес құрметіне ауылды Глазунов деп атап кетсе керек. Жалпы, ауылдың пайда болу тарихы Айсары өзенімен тығыз байланысты.Сонымен, Глазунов селолық округі Айсары округі деп аталатын болады.

Мұнымен қоса, Комсомол көшесіне Тәуелсіздік, Озерный көшесіне Астананың 20 жылдығы, Спортивный көшесіне Достық, Орденоносный көшесіне Бірлік атаулары беріледі