Жаңа әліпби жапон журналисінің қызығушылығын тудырды

Жаңа әліпби жапон журналисінің қызығушылығын тудырды

​Бүгін Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов Жапонияның "NIKKEI Asian Review" газетінің халықаралық жаңалықтар департаментінің журналисі Казуһиро Кидаға (Kazuhiro Kida) жаңа қазақ әліпбиі жайында сұхбат берді.

Қазақ алфавитінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшуі әлем назарын аударып отыр. Қазақстандық жаңа бетбұрыс бұған дейін де халықаралық басылым беттерінде жарияланып, талданса, бүгін Жапонияның "NIKKEI Asian Review" газетінің халықаралық жаңалықтар департаментінің журналисі Казуһиро Кида (Kazuhiro Kida) Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешовпен тілдесті.

Әңгіме барысында қазақ графикасын өзгертудің қажеттігі мен мән-маңызы сөз болды. Бекітілген жаңа нұсқаның артықшылығы айтылып, бұл құбылысқа халықаралық деңгейде баға берілді.

Айта кетейік, сұхбаттың толық нұсқасын алдағы уақытта www.nikkei.com сайтынан, ал аудармасын http://tilalemi.kz/ порталынан оқи аласыздар.