Идея сізден, қолдау бізден

Идея сізден, қолдау бізден

​Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тапсырыспен әзірленетін баспа өнімдері мен жобаларды шығаруға өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Өтінімдер ағымдағы жылдың 5 наурызына дейін «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында әдебиеттерді шығаруға өтінімдерді қабылдау және қарау туралы нұсқаулыққа» сәйкес қабылданады және қаралады.

Нұсқаулыққа сәйкес жобаларды көрсетілген мекенжайға тікелей немесе пошта арқылы тапсыруларыңызға болады.

Астана қаласы, Сауран көшесі, 7 А-үй, Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.