​Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі

​Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері ​«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында облыстық ақпараттық топ мүшелерімен кездесті.

Шараға Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Б.Әбиева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Сәдуақас, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Ж.Сұлтан қатысып, полиция қызметкерлеріне латын графикасына көшудің маңызы мен міндеттері, қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындатудың тиімділігі, әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін тілдік құзіреттіліктің алар өзіндік орны туралы кеңінен түсінік берді.

Сондай-ақ облыстық ақпараттық топтың спикері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Ә.Сәдуақас Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы рухани жаңғырудың мән-маңызына кеңінен тоқталды. Баяндамашы өз сөзінде «Елбасының кезекті халыққа арнаған Жолдауы алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетуімен ерекшеленеді. Біздің еліміз неғұрлым дамыған елдер қатарына қарай батыл ұмтылуда. Елбасы Жолдауын іске асыратын біздер екенін ұмытпай, ел болып жұмыла кіріссек, Тәуелсіз Қазақстан биік шыңдардан көрінетініне кәміл сенемін» - деп, түйіндеді.

Кездесу барысында Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Б.Б.Әбиева: «Қазақ тілі жазуының латын әліпбиіне көшуі біріншіден, заман талабы, екіншіден, латын әліпбиі жаһандану үдерісінде өркениетке жол ашады. Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі. Бүкіл әлемде индустрия тілі – латынша екенін естен шығармайық. Ең басты мәселе – ұлттық бірлікті сақтау, ұлттық сананы жаңғырту»,- екендіігн айтып өтті.

Шара соңында жеке құрамға жаңа әліпбидің нұсқасы таныстырылып, талқыланды. Құқық қорғау саласы қызметкерлері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.