​«Тіл тұғыры» оқырманға жол тартты

​«Тіл тұғыры» оқырманға жол тартты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкірдің «Тіл тұғыры» атты публисистикалық кітабы жарық көрді.

Бұл еңбекке мемлекеттік тілдің саяси құқықтық және әлеуметтік мәсе­лелерін сарапқа салып, оның қолданыс аясын кеңейте түсу турасында тұрақты қалам тартып келе жатқан ғалым-профессордың соңғы жылда­ры баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен ғылыми-тәжіри­белік конференция, семинарларда сөйлеген сөздері, азаматтық пікірлері мен ұсыныстары топтастырылған. Сондай-ақ жинаққа кезінде Үкіметке ұсынылған «Мемлекеттік тіл туралы» Заң жобасына қатысты құжаттар мен мақалалар енгізілген.

Кітапқа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универси­тетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серіккүл Сәтенова мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекжан Әбдуәлиұлы пікір білдірсе, алғысөзін филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі Шерубай Құрманбайұлы жазған.

«Тіл тұғыры» кітабының пішімі 60х841/16., көлемі 10,0 шартты баспа табақ, таралымы 2000 дана.

Аталмыш кітапты Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының сөресінен және «Тіл әлемі» порталының «Кітапкәде» айдарынан таба аласыздар.