НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ АСТАНАДАҒЫ ЕЛШІЛІГІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ АСТАНАДАҒЫ ЕЛШІЛІГІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының «М.Жолдасбеков» залында Елбасының Жарлығымен бекітілген Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне қатысты Нидерланд Корольдігінің Астанадағы Елшілігімен кездесу өтті. Кездесу барысында латын әліпбиіне қатысты сұрақтар және оның тарихы мен маңыздылығы төңірегінде, артықшылығы мен кемшін тұстары, жүру кезегі мен кезеңі жөнінде Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е.Тілешов толықтай ашып айтып берді. Жиын еркін форматта, диалог түрінде жүрді. Кездесуге Нидерланд Корольдігінің Астанадағы Елшісінің орынбасары Нора Дессинг, Елшіліктің экономикалық мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Медғат Олжаев қатысып, Елшілік атташесі Айсенбранд Айра сұрақтарын қойып, әліпби жөнінде нақты жауап ала алды.