Грамматикасыз оқыту әдістемесі

Грамматикасыз оқыту әдістемесі

Қазіргі кездегі қазақ тілін үйретуге арналған оқулықтардың басым көпшілігі қазақ тілін ана тілі ретінде үйретуге икемделіп дайындалған. Қазақ тілді оқытушылар ересектер аудиториясында грамматиканы жаттатудан бастайды. Тыңдаушы ережені біледі, бірақ қазақша сөйлей алмайды. Бұдан шығаатын нәтиже: әдіскер-оқытушының да, тыңдаушының да қыруар еңбегі мен уақыты тіл үйрету мен тіл үйренуге емес, грамматиканы жаттатуға кетіп жатыр. Бізге қазақ тілін «екінші» (ана тілі емес) тіл ретінде үйрететін оқу-құралдарын әзірлеп, сол әдістемелерді тіл үйретуде шебер қолдана алатын әдіскер-оқытушылар болу керек.

grammatikasyz-okytu-adystemesy

Ол үшін кез-келген өркениетті елде көп тіл білу– басты міндет. Бүгінгі қоғам талабы: бір тілмен қалсаң өзіңе зиян (кеміс), көп тіл білсең өзіңе пайда (жайлы) Қазіргі кезде «қазақ тілін үйренуге қажеттілік (стимул) жоқ» деген орынсыз зардың керегі жоқ. Көп тіл білмеген (оның ішінде – қазақ тілін) адамның ертеңі бұлдыр болатынын әркім өзі сезіну керек. Бұдан артық қандай қажеттілік болуы мүмкін.

Оқулықтар мен сөздіктерді ықшамды жасау түрлеріне көшкен жөн. Еліктеме-көшірінді оқу-құралдарын дайындауға әуес бола бермей, тіл үйретуге арналған оқулықтар қазақ тілінің өз табиғатынан туындап, оның жанды көрінісі болу керек.

Қазақ тілінің төл дыбыстары бар болғаны 17 (19) дауыссыз және 9 дауысты дыбыстан құралады екен, барлығы – 26 (28). Есептеу-сараптау (статистика-эксперт) жолымен алынған мәліметке сүйенетін болсақ, бірінші деңгейде толық сөйлеп кету үшін бар болғаны 200-300 сөз білсе жетіп жатыр. Алайда, сөз жаттаған тіл білген емес.

Қазақ тілінде жүздеген морфологиялық үлгілер бар. Соның бәрін білу керек пе екен? Жоқ. Сол жүздеген морфологиялық үлгіден күнделікті қажеті 13-15 қана екен. Синтаксиске келейік. Синтаксистен тек бір ғана жай сөйлем үлгісін аламы.з Әрине оның сұрақ-жауап, бұйрық-өтініш тәрізді үлгілерін ескереміз. Осылай қазақ тілінің «табан тасы» (фундаменті) қаланып алынады. Грамматикалық материал тіл үйретудің құралы болмау керек.

Әрі қарай пайдаланатын атау-терминдердің шартты екенін ескертеміз, өйткені олар ресми грамматиканың емес, сол сабақ үстінде мәлімет алмасудың «грамматикаланбаған», яғни өзара әңгіме түріндегі әдістеме амалы болып табылады.

Атау септік слово-название және вопрос-название; ілік септік слово-принадлежность және вопрос-принадлежность; барыс септік слово-направление және вопрос-направление; жатыс септік слово-время және вопрос-время; табыс септік слово-предмет және вопрос-предмет; шығыс септік слово-начало және вопрос-начало; көмектес септік слово-инструмент және вопрос-инструмент; көптік жалғау слово-количество және вопрос-количеств;тәуелдік жалғау слово-принадлежность және вопрос-принадлежность; жіктік жалғау слово-профессия және вопрос-профессия болып шығады.

Жұрнақтар арнайы сабақ ретінде өтілмейді. Туынды сөздер жеке сөз ретінде беріледі, мысалы, жұмыс - работа өз алдына бір сөз, ал жұмысшы -рабочий өз алдына бір сөз. Сабақта пайдаланылатын зәру сөздердің саны шектеулі болғандықтан осылай меңгертіп алудың еш қиындығы болмайды.

Синтаксиске қатысты қысқаша атаулар: бұйрық әрекет повелительное действие; келер шақ действие в будущем; осы шақ действие в настоящем; өткен шақ действие в прошлом болып шығады.

Ендеше тіл үйрену сөз жаттаудан емес, модельдерді меңгеруден басталу керек. Басты мақсат сол тілге тән сөйленім модельдерін меңгертіп алу болу керек. Ал модельдерге жаңа сөз қосып кете берудің қиындығы болмайды.