5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні

5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ағымдағы жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Бір қуантарлығы айтулы мерекелердің арасында Қазақстан Халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болды.

Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген болатын . "...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді" деп Сәкен Сейфуллин баға берген қазақтың асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай болмақ.

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні – 10 қаңтар

2. Алғыс айту күні – 1 наурыз

3. Жерге орналастыру, геодезия және картография күні – наурыздың екінші сенбісі

4.Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі

5. Ғылым қызметкерлері күні – 12 сәуір

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні – 21 сәуір

7. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – 21 мамыр

8. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр

9. Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні – мамырдың соңғы жексенбісі

10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым

11. Эколог күні – 5 маусым

12.Полиция күні – 23 маусым

13. Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым

14. Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні – маусымның екінші жексенбісі

15. Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі

16. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні – 28 маусым

17. Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде

18. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні – 13 шілде

19. Балық шаруашылығы қызметкерлері күні – шілденің екінші жексенбісі

20. Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі

21. Сауда қызметкерлері күні – шілденің төртінші жексенбісі

22. Көлік қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі

23. Құрылысшы күні – тамыздың екінші жексенбісі

24. Шекарашылар күні – 18 тамыз

25. Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі

26. Шахтер күні – тамыздың соңғы жексенбісі

27. Білім күні – 1 қыркүйек

28. Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі

29. Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі

30. Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек

31. Атом саласы қызметкерлері күні – 28 қыркүйек

32. Әділет органдары қызметкерлері күні – 30 қыркүйек

33. Машина жасаушы күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі

34. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі

35. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан

36. Мұғалім күні – қазанның бірінші жексенбісі

37. Құтқарушы күні – 19 қазан

38. Орман шаруашылығы қызметкері күні – қазанның үшінші жексенбісі

39. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні – қазанның соңғы жексенбісі

40. Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні – 29 қазан

41. Сыртқы барлау күні – 5 қараша

42. Статистика күні – 8 қараша

43. Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – 15 қараша

44. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні – қарашаның үшінші жексенбісі

45. Прокуратура күні – 6 желтоқсан

46. Энергетик күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі