«Тіл білімі және латын әліпбиі» тақырыбында онлайн семинар өтті

«Тіл білімі және латын әліпбиі» тақырыбында онлайн семинар өтті

Бүгін С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Тіл білімі және латын әліпбиі» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары аясында Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Семинардың мақсаты – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру.

Аталған шарада жоғары оқу орындарының ғалымдары Ақсу қаласы және Ертіс, Павлодар аудандарының қазақ тілі оқытушыларына дәріс оқыды. Қазақ тілі оқытушылары мемлекеттік тілді оқыту кезінде қолданылатын әдістемелер мен жаңа технологиялармен танысып, онлайн режимінде қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңімен көшу мәселесі талқыланды.