Оқушылар «Жайдарман» ойнайды

Оқушылар «Жайдарман» ойнайды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен 2017 жылғы 20 қазан күні Астана қаласы «Қазмедиа холл» киноконцерттік залында мектеп оқушылары арасында «Жайдарлы Жас ұлан» КТК республикалық конкурсы өтеді.

Шараға биылғы "Маусымашар" фестиваліне қатысқан Астана, Алматы қалаларының және облыстардың мектеп оқушылары мен облыстық "Жайдарлы Жас ұлан" КТК конкурсының жеңімпаздары атанған 15-тен астам команда қатысады.

Ойын «Balapan» арнасы эфирінен көрсетіледі.

Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазмедиа холл» киноконцерттік залы.

Басталуы: 18:00.

Байланыс телефоны: +7 747 019 1304