Балаларға базарлық

Балаларға базарлық

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Тілдерді оқыту орталығы балалар ұғымына сай, оқуға жеңіл, тілі көркем «Мен үш тілде сөйлеймін» және «Балаларға базарлық» атты кітаптардың екінші басылымын шығарып, бүлдіршіндерге сыйлық ретінде таратты.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Балаларға базарлық» көмекші және «Мен үш тілде сөйлеймін» қазақша –орысша - ағылшынша тілашар құралдары балалардың тілдерді үйренуге деген қызығушылын арттыруға, лексикалық және алғашқы грамматикалық білім беруге, есте сақтау қабілеттерін дамытуға оң ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.

ДОСТАР, БӘРІМІЗ БІРГЕ ОҚИЫҚ!