«Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» семинары өтеді

«Мемлекеттік  тілді  үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» семинары өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылғы 20 қазанда республикалық «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы латын әліпбиіне өтудің маңыздылығын талқылап, оқу-әдістемелік шаралар мен жұмыстарды бағдарлау.

Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының мамандары қатысады.

Семинар барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі ғалымдар тіл үйретудің өзекті мәселелері жайында баяндама жасап, әдіскерлер үздік сабақ үлгілерін көрсетеді.

Шара Өскемен қаласындағы «Изумрудный» шипажайында өтеді.

Басталуы: сағ. 9:30

Байланыс телефондары: 8(7172) 40 83 67, 74 08 77