Балаларға арналған мобильдік желілік ойын әзірлеу бойынша байқау


Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы балаларға арналған мобильдік желілік ойын әзірлеу бойынша байқау жариялайды. Байқау мобильді ойын әзірлеуші компаниялар арасында өткізіледі.

Мобильді қосымшалар әзірлеудің мақсаты – балаларға арналған ойын түріндегі қазақтілді мобильді қосымша әзірлеу. Ойын арқылы қазақ тілінің аудиториясын кеңейту. Балалардың өзара қазақша тілдесуіне және қазақ тілінде сөйлеуіне ықпал ету.

Геймплей және механикаға негізделген балаларға арналған жобаның ойыншылары Қазақстанның табиғат зоналарына саяхат жасайды; қолөнер кәсіптерін және тұрмыс тіршіліктерді үйренеді; табиғи апаттардан шығу, логиканы пайдаланып тығырықтан шығып, мақсаттарға жетуге баулынады.

Мобильдік ойын 2024 жылы әзірленіп, насихатталады.

Мобильді қосымшалар әзірлеудің міндеттері:

• Қазақ тілінде контентті көбейту мақсатында түрлі қызықты ойындар әзірлеу

• Мобильді қосымшалардың Frond-end жүйесін жобалау

• Мобильді қосымшалардың Back-end жүйесін жобалау

• Бағдарламалау тілдері – ең жиі қолданылатын Java, C#, Javascript және Python тілдерін қолдану

• Серверлік API-мен интеграциялау тәжірибесі және мәліметтер базасымен жұмыс істеу

• Мәліметтер қорына қазіргі заманғы дерекқорлардың негізгі түрін қолдану. SQL нұсқаларын MSSQL, MYSQL және PostgreSQL дерекқорларды пайдалану

Мобильді қосымшалар Android және iOS платформалары үшін жасалуы керек.

Әзірлеуші компанияларға белгілі бір талаптар қойылады. Мәселен, мобильді қосымша, ойындар әзірлеу бойынша тәжірибесі болуы керек. Компанияның дауыс жазу, персонаж бейнесін салу, қимыл-қозғалыс эффектілерін әзірлеуде сапалы арнайы студиясының болуы шарт. Ниет білдіруші компания 2d және 3d форматындағы графиканы қолданып әзірлеген өнімдерін, ойынның тұжырымдамасын, демо-нұсқасын ұсынуы қажет.

Студия мамандары Unity, Aseprite, Unreal Engine, Blender, Sketch, Figma, Procreate және тағы сол сияқты бағдарламалармен жұмыс жасай білуі тиіс. Толығырақ ақпарат пен ереже келесі сілтемеде: https://disk.yandex.com/d/YdIhojLy2mP0_w

Құжаттарды қабылдау уақыты – 2024 жылдың 28 сәуірі, 18.00-ге дейін.

mobil-oyin@tilqazyna.kz электрондық поштасына көрсетілген талап бойынша құжаттар жолданады. Қабылданған материалдарды іріктеу комиссиясы талқылап, шешім шығарады. Шешім негізінде таңдалған компаниямен байланыс орнатылып, толық техникалық сипаттама бойынша жұмыс басталады.

Сұрақтар үшін: WhatsApp +7 702 999 04 80, Инстаграм: @tilqazyna.